Кітапханашылар семинары

VII Халықаралық Университет кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер конференциясы (Кітапханалық қарым-қатынас – 2018)

Назарбаев Университетінің кітапханасы, Ұлттық Академиялық Кітапхана, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Ғылыми Кітапханасы, Қазақстан Республикасының Университет кітапханаларының қауымдастығы VII Халықаралық Университет кітапханасын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер (Кітапханалық қарым-қатынас – 2018) конференциясының «Кітапханалар және олардың өзгермелі қоғамдағы рөлі: стратегиялар мен трендтер» тақырыбында өтетін , жоғары білім көшбасшыларының еуразиялық форумына шақырады. Евразиялық форум 23-24 мамыр 2018 ж. Астана қ., Қазақстан – да өтеді.

Конференцияда шет елдер мен Қазақстан Республикасының кітапханашыларының баяндамалары ұсынылады, кітапханалардың және ақпараттық қызметтердің өзекті мәселелері бойынша кездесулер мен пікірталастар жүргізіледі.

Конференцияға қатысу тегін. Іс-сапар және тамақ шығындары конференцияға қатысушының өз есебінен немесе жіберуші тарапынан жүргізіледі.

Конференция тілдері: ағылшын, орыс және қазақ тілдері.

Конференция интернет желісі арқылы таратылады.

 

Күні мен орны:

23 мамыр: Назарбаев Университеті (Кабанбай батыр даңғылы 53, Астана қаласы)

24 мамыр: Ұлттық Академиялық Кітапхана (Достық көшесі 11, Астана қаласы ), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Ғылыми Кітапханасы (Сәтпаев көшесі 2, Астана қаласы)

 

БАҒДАРЛАМА

23 мамыр 2018 (1-күн: сәрсенбі)

Өтетін орны: Назарбаев Университеті

(Тұран даңғылы 64, C-2 блогы, 1-қабат, Orange Hall)

(Қабанбай батыр даңғылы 53 (ғимаратқа кіру есігі қарсы бетінде)

9:00 – 10:00 Тіркеу

Ақпараттық ресурстар көрмесінің ашылуы

10:00 –  10:30 Пленарлық отырыс

(Модератор:Әсемгүл Баубекқызы Темірханова,Назарбаев Университеті кітапханасы директорының міндетін атқарушы)

 

Лоретта ОДоннеллдің құттықтау сөзі

Назарбаев Университетінің  Оқу ісі жөніндегі вице-провості, ғылым докторы

 

Гүлжан Иржанованың құттықтау сөзі

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры, ҚР ЖОО кітапханалар  Қауымдастығының президенті

 

Ингрид Бонның құттықтау сөзі

ИФЛА Даму бағдарламалары кеңсесінің жетекшісі

10:30 – 11:30 Баяндамалар

Қазақстанның жалпыға қолжетімді кітапханалары: қазіргі жағдайы мен келешегі

Ажар Хамитқызы Юсупова

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының Ғылым жөніндегі орынбасары

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының халықаралық қызметі

Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы директорының міндетін атқарушы

 

Қырғызстан кітапханалары дамуының жаңа векторы

Жылдыз Кемеловна Бакашова

Қырғызстан Ұлттық кітапханасының директоры

 

Оқу мәдениетін ілгерілету мен қорғаудағы ақпараттық-кітапханалық орталықтардың рөлі

Умида Алимджановна Тешабаева

Өзбекстан Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету бойынша орынбасары

11:30 – 12:00 Кофе-брейк
12:00 – 13:30 Баяндамалар  тұсаукесері

(Модератор:Джозеф Мармол Яп, Назарбаев Университеті кітапханасының сарапшы-менеджері)

 

Қазақстан жоғарғы оқу орындары кітапханаларының даму басымдықтары мен мәселелері

Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Кітапханалық-ақпараттық  орталығының  директоры, ҚР ЖОО кітапханалар  Қауымдастығының президенті

 

Корпоративтік   кітапханалық коллекцияларды  дамыту мен ғылыми қызметтер:  өткені, бүгіні және келешегі

Джордж Эндрю Спенсер

Висконсин-Мэдисон университеті, АҚШ

 

ЖОО кітапханалары консорциумының табысты тарихы: ANKOS

Эртугрул Цимен, MEF университеті, Түркия

Туба Акбайтурк Канак, Коцуниверситеті, Түркия

Сами  Кукадар, Стамбулдық Бильджи университеті, Түркия

 

Сұрақтар мен жауаптар

13:30 – 14:30 Түскі ас
14:30 – 16:00 Өтетін орны: C-3 блогы, 1009 аудитория

 

Баяндамалар тұсау кесері

(Модератор: Карлин Гроен, Назарбаев Университеті кітапханасының аға сарапшы-менеджері)

 

Өмір бойы оқу: жеке дамудың бағдары және университет кітапханасын жаңғыртудың жаңа мүмкіндіктері

Гүлшат Дәрібаева, Перизат Өтебалиева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы, Қазақстан

 

ЖОО кітапханасының тренингтері: НазарбаевУниверситеті кітапханасының тәжірибесі мен міндеттері

Дарья Звонарева, Джозеф Мармол Яп

Назарбаев Университетінің кітапханасы, Қазақстан

 

Халықаралық кітапханашылардың міндеттері:бүкіл Азияда жұмыс істейтін филиппин кітапханашыларының білім-тәжірибесі

Карен  Ванесса Круз, Бина Нусантара университеті, Индонезия

Рикардо III Круз, Тед Халықаралық мектебі, Қытай

Джозеф МармолЯп, Назарбаев Университетінің кітапханасы, Қазақстан

 

Сұрақтар мен жауаптар

14:30 – 16:00 Өтетін орны: C-3 блогы, 1010 аудитория

Баяндамалар тұсаукесері

(Модератор:Анар Даутова, Назарбаев Университеті кітапханасының сарапшы-менеджері)

 

Анықтамалық қызметтер үшін статистикалық мәліметтер мен сұраныстарды қадағалау құралдарын бейімдеу: Назарбаев Университеті кітапханасының мысалында

Пасхалия Терзи, Елизавета Камилова

Назарбаев Университетінің кітапханасы, Қазақстан

 

Қазіргі заманауи жағдайда кітапханашы денсаулығын сақтау мен нығайту

Доминина Моок

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан

 

Тарихи мәтіндегі құжаттардың  библиографиялық  сипаттамасы

Карима Тукубаева

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы, Қазақстан

 

Сұрақтар мен жауаптар

16:00 – 16:30 Кофе-брейк
16:30 – 18:00 «Дөңгелек үстел» форматындағы семинарлар

Кітапханалық серіктестік пен кітапханалық қауымдастық (Модераторлар:Эртугрул Чимен, Әсемгүл Баубекқызы Темірханова)

Өтетін орны: C-3 блогы, 1009 ауд.

 

Зерттеулерге арналған ақпараттық ресурстар

(Модераторлар: Джордж Эндрю Спенсер, Теңдік Ермекпаева)

Өтетін орны: C-3 блогы, 1010 ауд.

 

Академиялық кітапханашы біліктілігі

(модераторлар: Барно Ганиева, Толкын Джангулова)

Өтетін орны: C-3 блогы, 2002 ауд.

18:00 – 20:00 Фуршет («Бал» залы, «OrangeHall»залының үстінде)

 

24  мамыр 2018 (2-күн: бейсенбі)

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Ғылыми кітапханасының бас ғимараты

Пушкина көшесі, 11

8.30 – 9.00 Тіркеу
 

 

9.00 – 9.15

Пленарлық отырыс

(Модератор: Бақытжан Әсетілдәұлы Оразалиев, философия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми кітапхана директоры)

 

Молдажанова Әсемгүл Александровнаның құттықтау сөзі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры –оқу ісі жөніндегі проректоры

9.15 -10.15 Презентациялар

(Модератор:Бақытжан Әсетілдәұлы Оразалиев, философия ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ғылыми кітапханасының директоры)

 

Орталық Азияның «CALINET» ақпараттық-білім беру жүйесі: жасалуы мен даму болашағы

Марат Рахматуллаев

Ташкент ақпараттық технологиялар университеті, Өзбекстан

 

Ақпараттық және кітапханалық мекемелер үшін кадрлық қызметкерлерді дамыту

Барно Ганиева

Ташкент ақпараттық технологиялар университеті, Өзбекстан

 

Кітапханалардың инновациялық дамуындағы заманауи үрдістер

Гүлмайрам Әбдіғазиева

Атырау мемлекеттік университетінің Ғылыми кітапханасы, Қазақстан

 

Кітапханалар үшін қолжетімді мобильді технологияларға шолу

Гүлжан Байдүйсенова

Назарбаев Университеті кітапханасы, Қазақстан

 

Кітапханалар және әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту:  әйелдерді және олардың 2030 жылға дейінгі ғаламшар 50–50 жайлы әңгімелерін қолдау

Елизавета Камилова

Назарбаев Университеті кітапханасы, Қазақстан

 

Сұрақтар мен жауаптар

10.15 – 10.45 Кофе-брейк
10.45 – 11.45 Баспагерлер сессиясы

(Модератор: Гүлжан Жеңісбекқызы Иржанова, М.Х. Дулатиатындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры, ҚР ЖОО кітапханалар қауымдастығының президенті)

 

Cambridge University Press басылымы –кітапханалар үшін әлемдік деңгейдегі ресурс

Лешек Червинский

Cambridge University Press, Біріккен Корольдік

 

Сандық Қазақстан кітапханалар үшін –толық мәтінді деректер қоры мен EDS бірегей іздеу терезесінің көмегі арқылы жұмысты автоматтандыру

Ирина Крейцарова, EBSCO корпорациясының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық менеджері

 

Қазақстандағы зерттеулерге ықпал ету үшін «WileyContent» контенті

Сергей Парамонов, Wiley, Ресей

 

Ovid / LWW заманауи шешімдері

Ахмед Аль-Алвани, Овидия, Вольтерс Kluwer Health

Липпинкотт Уильямс и Уилкинс, СаудАрабиясы корольдігі

11.45 – 12.00 Үзіліс
12.00  – 13:30

 

Баспагерлер сессиясын жалғастыру

Нарық туралы жаһандық ақпараттың паспорттық дерекқоры, инновациялық модельдерді және сценарийлерді моделдеуге арналған құралдар

Екатерина Бондаренко

Euromonitor International–Шығыс Еуропа, Литва

 

Ақпараттың халықаралық электронды көздерін енгізу

Мұрат Жармұхаметов

Mikro ақпараттық өңдеу мен тарату / IEEE, Қазақстан

 

Жоғары сапалы зерттеу нәтижелеріне арналған халықаралық әріптестік – университеттер зерттеу жұмыстарын, жазу және ғылыми басылымды жақсы түсіну үшін стандарттарды насихаттау арқылы жүзеге асыра ала ма?

Раджив Ширке, Анупама Кападия, Энаго, АҚШ

 

Қазақстан кітапханалары мен ресейлік баспалар: ЖОО-ның ақпараттық кеңістігін жасаудағы стратегиялық әріптестік

Анастасия Геннадьевна Айдакова

Даму мен жарнама бойынша директор, ИНФРА-М ғылыми-баспаорталығы, Ресей

 

IPR MEDIA –университеттерде сандық технологияны енгізу саласындағы инновациялық шешім

Иванов Сергей Геннадьевич,“IPR MEDIA” компаниялар тобының директоры, Ресей

 

Мультимедиялық оқулық: білім берудегі жаңа технологиялар

Игорь Сергеевич Гриценко, «CyberSmith»баспасының директоры, Қазақстан

 

Сұрақтар мен жауаптар

13.30 – 14.00 Қорытындысын шығару.

Конференцияның жабылуы

 

Иржанова Гүлжан Жеңісбекқызы, М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығының директоры, ҚРЖОО кітапханалар қауымдастығының президенті

14.00 – 15.30 Түскі ас
15.30 – 18.00 Қалаға экскурсия жасау
18.00–  21.00 Қорытынды кешкі ас (қатысушылардың өз қалауы бойынша,төлем жасау арқылы)

 

Баяндаманың баспадан шығуы

Жоғары оқу орындарының кітапханалары қоғамдық кітапханалармен қатар, қоғамды дамытудың оң перспективаларын қолдайды. Соңғы онжылдықтардакітапханалар көптеген маңызды өзгерістерге ұшырады. Конференцияның мақсаты: беделді ақпарат пен сапалы мазмұнды қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды қолданудағы кітапханалардың ең жақсы тәжірибесі мен стратегиясымен бөлісу, сонымен қатар мобильдік ортадағы заманауи үрдістерді белгілеу, түрлі басқару стилінің құндылығын түсіну ұсынылады.Бұл өзгерістер кітапханалардың күн сайын қызмет көрсетуіне көмектеседі. Кітапханалар қоғамды дамытудың қозғаушы күші болып табылатын білім беру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ақпараттық қолдауда маңызды рөл атқарады.

Баяндамалардың баспадан шығуына әлемнің барлық елдері, әсіресе Орталық Азия мамандардың жұмыстары шақырылады.

Өтініштер конференция тақырыбына сәйкес келуі керек:

  • Кітапханалардың стратегиялары мен трендтері
  • Кітапхана қызметіндегі мобильді технологияларды және де басқа да құралдарды қолдану
  • Кітапханашылар қоғам іс-шараларының және ғылыми үрдістердің серіктестері ретінде
  • Медиа және ақпараттық сауаттылық өзгеріс катализаторы ретінде
  • Қітапханалық басқару және оның акдемиялық ортаны өзгертудегі
  • Кітапхана жинақтарының әртүрлілігі және олардың қазіргі қолданушыға әсер етуі
  • Кітапханалардың физикалық кеңістігін өзгерту: қажеттілігі мен қалауы
  • Тұрақты даму және БҰҰ 2030 күн тәртібі

Баяндамаларды (мақала) қабылдау уақыты:

  • Басылымға шақыру – 28 желтоқсан 2017ж.
  • Тезистерді қабылдау – 30 қаңтар 2018ж. ( 22 ақпан, 2018 ж. дейін созылды)
  • Тезистерді қабылдау туралы хабарлама – 15 ақпан 2018 ж. (2 наурыз, 2018 ж. дейін созылды)
  • Мақала мәтінін қабылдау – 15 наурыз 2018 (30 наурыз, 2018 ж. дейін созылды)
  • Мақала қабылдау туралы хабарлама – 1 сәуір 2018 ж.
  • Тіркелуді бастау – 5 наурыз 2018 ж.
  • Резензиялы мақала мен презентацияны қабылдау – 1 мамыр 2018 ж.
  • Конференция – 23-24 мамыр 2018 ж.

Тезистерге қойылатын талаптар: зерттеудің мақсаты, әдістеме, нәтижелер, практикалық құндылықты сипаттайтын 500 сөз.

Мақалаға қойылатын талаптар

Ағылшын тілі

Тезис пен мақала EasyChair парақшасында қабылданады, онда авторлар тіркелуі қажет және толық мәтіндерді жүктеуі керек (ICEGTULD 2018)

Екілік интервал, шрифт Times New Roman, 12.

Сөздердің саны 5000-нан аз.

Библиография 50 сөзден аз.

APA-ның сілтеме стилі (6).

Презентацияға қойылатын талаптар: MS Powepoint. Егер сіз басқа форматты қолданғыңыз келсе, 1-ші мамырға дейін хабарлаңыз.

Конференцияда қабылданған мақалаларды авторлар: 20 мин және сұрақтарға жауап беру үшін 10 минутта ұсынуы тиіс. Барлық қабылданған мақалалар конференция материалдары жинағында жарияланады.

Тіркелу сілтеме арқылы ашылады.

 

Байланыс ақпараты:

Джозеф Яп (э-почта: joseph.yap@nu.edu.kz), бағдарлама координаторы, Назарбаев Университеті Кітапханасының эксперт-менеджері

Дарья Звонарева (э-почта: darya.zvonareva@nu.edu.kz), Назарбаев Университеті Кітапханасының эксперт-менеджері