Кітапханашылар Конференциясы

 

Кітапханашыларға арналған конференция бағдарламасы

 

«Жоғарғы оқу орындары кітапханаларын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIІI Халықаралық конференция

Назарбаев Университеті Кітапханасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің Ғылыми кітапханасы және Қазақстан Республикасы ЖОО Кітапханалар Ассоциациясы Сіздерді Жоғары білім көшбасшыларының еуразиялық форумы (EHELF) шеңберінде өтетін «Жоғарғы оқу орындары кітапханаларын дамытудағы заманауи әлемдік үрдістер» атты VIII халықаралық конференциясына қатысуға шақырады. 2019 жылдың тақырыбы: «Ғылым және инновация үшін университет кітапханаларының қызметтері мен ресурстары». Өтетін орны: 2019 жылдың 6-7 маусымы, Нұр-Сұлтан қаласы,  Қазақстан.

Конференцияда шетелдік және қазақстандық кітапханашылар, ақпараттық қызмет саласындағы қызметкерлердің баяндамалары тыңдалады. Конференция алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу, заманауи кітапхана қызметін дамыту үрдістері мен дамыту стратегияларын талқылау алаңына айналады. Биылғы конференцияның ерекшелігі кітапханашылар мен ақпарат жеткізушілер (information speed dating) арасында ғылым мен білімге қатысты ақпараттық өнімдер мен қызметтері туралы бетпе-бет экспресс-байланыс болады. Конференцияға қатыса алмайтын мамандар үшін тікелей эфир  ұсынылады.

Кітапханашылар үшін конференцияға қатысу тегін және қатысушылардың саны шектеулі екендігін ескере отырып, Орталық Азиядағы кітапханашыларға басымдық беріледі. Конференцияға қатысуға ниет білдірген коммерциялық баспалардың өкілдері минималды төлем жасайды.

Конференцияға қатысушылардың жолақысы мен тұратын орны іс сапарға жіберген ұйымдардың есебінен төленеді. Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.

Өтетін орны

  • Назарбаев Университеті (6 маусым)
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті (7 маусым)

Негізгі баяндамашылар

Шейла Стокель Висконсин-Мэдисон университетінің кітапханаларының білім беру бағдарламаларының басшысы. Шейла 10 жылдан астам ақпараттық сауаттылық, ақпараттық қызмет пен жобалық менеджментте күндізгі оқу және онлайн білім беру бағдарламаларын дамыту саласында қызмет атқарады. Атап айтқанда, ЖОО мен ғылыми кітапханаларының ассоциациясымен (ACRL) құрастырылған, жоғары білім беруге арналған ақпараттық сауаттылық бағдарламасын ендіру бойынша қызметті басқарған.  Annette Strauch
Аннетт Штраух Европа елдерінің этнологы мамандығы бойынша Георг-Август атындағы Гёттинген университетін тамамдаған. Ульмск университетінде, одан кейін Уэльс мұражайы мен Уэльс ұлттық кітапханасында (Аберистуит) қызмет атқарды. Сонымен қатар, Зиген университінің ақпарат және медиа технологиялар орталығында ғылыми деректерді басқару маманы болып табылған. Казіргі кезде Хильдесхайм Университетінде ғылыми деректерді басқару саласында қызмет аткарады.  Annette Strauch
Ванесса Праудман 20 жылдан астам әлемнің жетекші университеттерінің кітапханаларымен жұмыс істейді. Ол 10 жылдан аса Венадағы ЕС халықаралық зерттеу институтындағы ақпараттандыру және АТ бөлімін басқарған. Сонымен қатар Ванесса Europeana.eu порталаның бағдарламалық және жобалық менеджері болып табылады. vanessa proudman
Гүлжан Иржанова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасының басшысы. Қазақстан Республикасының ЖОО кітапханаларының басшысы. Тәжірибесі: 28 жыл кітапхана саласында қызмет атқарады. Оның кәсіптік мүддесі: библиография, кітапханалық үдерістерді автоматтандыру, қашықтағы желілік қорларды басқару, анықтамалық қызмет пен іздеу мүмкіншіліктерді ұйымдастыру, халықаралық кітапханалық серіктестік пен кітапхана сапасының менеджменті. Гүлжан 80-нен астам басылымдардың авторы болып табылады.

Конференцияның материалдар жинағына арналған мақалаларды қабылдау тәртібі

Ұсынылатын мақалалар конференция тақырыбына сай болуы керек және келесі тармақтарға арналуы керек:

  • кітапхана қорын бағалау
  • кітапхана қорын дамыту
  • баспа және электронды ресурстарды басқару
  • ашық қолжетімділік және репозиторий
  • сандық ортадағы кітапхана қызметі
  • оқу және ғылыми-зерттеу үдерісінде кітапхананың физикалық және виртуалды кеңістігі
  • ғылыми зерттеу және коммуникациядағы кітапхананың рөлі
  • кітапханалық қызметтегі инновациялар
  • инклюзивті білім берудегі кітапхананың рөлі
  • пайдаланушының ақпараттық сұранысын зерттеу

Мерзімдері

Мақалаларды/ презентацияларды қабылдау туралы хабарлама 10 қаңтар 2019 ж.
Мақалалардың толық аннотацияларын ұсыну 15 наурыз 2019ж.
Жинаққа мақалалар қабылдау туралы хабарлама 30 наурыз 2019ж.
Мақаланың толық мәтінін ұсыну 30 сәуір 2019ж.
Қатысушыларды тіркеу 6 ақпан 2019ж.
Редакцияланған мақалаларды және презентацияларды қабылдау 10 мамыр 2019ж.
Тіркелудің соңғы күні 24 мамыр 2019ж.
Конференцияның өту уақыты 6-7 маусым 2019ж.

500 сөзден аспайтын толық аннотациялар зерттеудің, әдіснаманың, нәтижелердің, практикалық қолдану мысалдарын және жұмыстың өзіндік ерекшеліктерін (оның ғылыми құндылығы), мақсаттарын ашып көрсетуге тиіс.

Мақала үлгісі

  1. Мақала атауы және оның аннотациясы түпнұсқа түрінде болуы керек және ағылшын тілінде жазылуға тиіс.
  2. Мақала орыс немесе қазақ тілінде жазылуы тиіс.
  3. Мақаланың аннотациясы мен толық мәтінін жіберу үшін автор EasyChair порталында (https://easychair.org/cfp/ICEGTULD2019) тіркелуі керек, содан соң өз материалын енгізуі керек. Материалдар дұрыс конференцияға енгізілгенін тексеріңіз (ICEGTULD 2019).
  4. Мақала мәтіні 5000 сөзден аспауы тиіс, жұмысты безендіруде Times New Roman шрифтің өлшемі 12, интервал 2.
  5. Мақаланың библиографиялық сипаттамасы 50 сөзден аспауы керек.
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен дәйексөз тізімін жасау кезінде АРА стилінің 6-шы басылымын қолдану қажет.

Презентация үлгісі

  1. Презентацияларды MS Powerpoint-пен дайындағаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз.
  2. Басқа презентация форматын таңдаған болсаңыз, ұйымдастыру комитетін хабардар етіңіз, 2019 жылдың 10 мамырына дейін.

Мақалалары конференция бағдарламасына қосылған авторлар конференцияға қатысуы тиіс, баяндамаға 20 минут, сұрақ-жауапқа 10 минут беріледі. Барлық таңдалған мақалалар конференцияның материалдар жинағында жарияланады.  

Тіркелу сілтемесі https://goo.gl/forms/LOb5xCHPOM4pDIaq2  

Анықтама алу бойынша байланыс ақпараты:

Марина Пояркова,

Конференция қатысушыларын тіркеуге жауапты

marina.poyarkova@nu.edu.kz  

Джозеф М. Яп

Бағдарламалық комитеттің төрағасы

joseph.yap@nu.edu.kz  

Камиля Асылбекова Конференцияның демеушілерімен жұмыс істеуге жауапты

kamilya.assylbekova@nu.edu.kz  

Гульшат Дарибаева,

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің мүшесі

daribayeva_gg@enu.kz; fordaribaeva@gmail.com