Ставрос  Яннука

Ставрос Яннука

Бас директор, Білім бері жүйесіндегі дүниежүзілік инновациялар саммиті (WISE)

Ставрос Н. Яннука – Катар фондының ғаламдық аналитикалық орталығы – Білім беру жөніндегі дүниежүзілік инновациялар саммитінің (WISE) бас директоры. WISE басты мақсаты – инновациялар арқылы білім беру жүйесінің болашағын қорғау. Саммит ғылыми зерттеулер салсын, әлеует құрастыру бағдарламаларын және мәліметтік насихатты қамтиды. Сондай-ақ жылдық зерттеу жарияланымдар сериялары, “Білім беру Давосы” атты екі жыл сайын өткізілетін ғаламдық саммит, WISE edTech Accelerator инкубаторы, WISE Innovation Awards марапаты және WISE Words подкасты самиттің негізгі бастамаларына жатады.

WISE құрамына 2012 жылдың тамыз айында келуінен бұрын Ставрос Сингапур Ұлттық университетінде Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебінің (LKY мектебі) атқарушы вице-деканы қызметін атқарды. Басқару консультанты ретінде ол McKinsey & Company бірге өсу өршіл стратегиясын дамытып, оның іске асуын 2005 жылдың маусым айында LKY мектебіне келу мезетінен бастап басқарды. Бүгін LKY мектебі Азияда бастаушы дүниежүзілік саясаты мектебі деп танылады. Кишоре Махбубани және т.б. бірге Ставрос “Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі: Азияда дүниежүзілік саясат мектебін құру” (2012) кітабының авторы болып келеді.

LKY мектебіне дейін Ставрос 2000-2005 жылдар аралығында McKinsey & Company компаниясында Сингапур, Индонезия, Оңтүстік Корея және Канада мемлекеттерінің жеке және мемлекеттік секторларының клиенттеріне қызмет көрсетті. Оған дейін Ставрос 1995-1998 жылдарда Лондон қаласында Gouldens and Mayer, Brown & Platt фирмаларымен корпоративтік құқықпен айналысты. Ставрос Яннука Лодон бизнес мектебінің MBA (үздік) және Бристоль университетінің LLB (үздік) дәрежелеріне ие. Ол Англия және Уэльс Заң қоғамының, Өнер, өнеркәсіп және сауда салаларын ынталандыру Корольдік қоғамының (RSA), Астанадағы Назарбаев Университетінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі және Blue Diagonal Capital Limited ұйымының атқарушы емес директоры болып келеді.

Events
June 7, 201916:15-17:50
Қорытынды талқылау
Жабу сессиясы
Өткізілетін орны: Қызғылт зал, 2 қабат, Блок C2, Назарбаев Университетi
June 6, 201909:20-10:50
Болашақ талабына сай түлектер
Пленарлық сессия 1
Өткізілетін орны: Қызғылт зал, 2 қабат, Блок C2, Назарбаев Университетi
June 8, 201809:30-11:30
Секциялық отырыс 2
Секциялық отырыс 2
Өткізілетін орны: Кабинет 3015, С3 блогы, Назарбаев Университет
June 7, 201809:45-12:15
Озық технологиялар аясындағы жоғары білім беру саласын инновацияландыру
Пленарлық сессия 1
Өткізілетін орны: Кабинет 1022, блок С3, Назарбаев Университет