Кристалл Лим-Ланг
Ортақ құрылтайшысы,Forest Wolf компаниясыКристалл Лим-Ланг кешендік білім беру, болашақ және жеке даму саласындағы эксперт, сонымен қатар Forest Wolf компаниясының ортақ құрылтайшысы.
Ол білім беру мекемелері мен ірі компанияларға өзгермелі болашаққа бейімделу және 21 ғасырда жаңа мүмкіндерді пайдалану мен даму мәселелері бойынша кеңес берумен айналысады. Сонымен қоса Кристалдың инвестиция, стартаптар, ауыл шаруашылығы, қайырымдылық, сауықтыру және білім беру салаларында да білімі бар.
Forest Wolf компаниясының құрылуына дейін Кристал Сингапур Ұлттық Университетінің Түлектерді дайындау Орталығының директоры қызметін атқарды.
2016 жылы Кристалл алғашқы рет «Roots & Wings» инициативасын алға шығарды. Бұл инициатива әлемдік біріңғай білім беру саласында көшбасшылар мен жұмыс берушілердің арасындағы дайындық бағдарламалары бойынша ең үздік инициативалардың бірі болып атанды.
Сонымен қатар ол әлемдегі ең алғашқы болашаққа дайындық Индексін ойлап шығарды. Бұл болашаққа дайындық Индіксі 300 жұмыс беруші мен 4250-ден астам студенттердің қатысуымен 9 сала бойынша өлшенеді.
Кристалл көшбасшылық және болашаққа дайындық тақырыбында өз білімімен қуана бөлісетін жазушы және оратор. Ол “Минерва” жобасының және Австралия/Сингапурдағы Хоффман Институтының стратегиялық кеңесшісі болып табылады. Кристаллды адамның потенциалын ашу тақырыбы өте қызықтырады және біздің ортақ болашағымыз адам санасының эволюциясына байлынысты деп санайды.
Абстракт
Терең адамдық көзқарас – жойылу дәуірінде, жасанды интеллект және Төртінші Индустриалды Революция кезеңінде қалай өзекті болып қалудын жолы
Қауіпсіз ойын – қазіргі әлемдегі жоғары білім алу үшін қауіпті стратегия. Университеттер алдағы 50 жылда өзекті болып қалуы үшін білімге деген көзқарасымызды қайтадан өңдеуге тиіспіз.
Бұл негізгі баяндамада университеттің білім берудің үш негізгі функциясы қарастырылады: 1. біліктілікті дамыту, 2. әлеуметтік желілерді дамыту, 3. жұмыс берушілер мен күллі әлемді түлектерінің құндылығы мен әлеуеті туралы ақпараттандыру.
Осы үш бағыттың әрқайсысы үшін болашақ бағдарланған көзқарастар мен тақырыптар қозғалынады: яғни ол терең адамдық дағдыларды қамтиды, мысалы, эмпатия, ынтымақтастық және кешенді қарым-қатынас, оқушылар табысқа жету үшін терең және кең әлеуметтік желілерді қалай дамыту керек және қолдану керек және ЖОО ның бітірушілерге арналған құндылықтарды жақсы білу.