Энг Чие ТАН

Энг Чие ТАН

Президент, Сингапур Ұлттық Университеті

Профессор Тан Энг Чие Сингапур Ұлттық Университетінің (СҰУ) президенті болып 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалды. Ол Университеттің 5-ші президенті және Сингапурдың ең ескі жоғары білім беру институтының 23-ші көшбасшысы.

Профессор Тан көптеген марапаттардың иесі атанған кәсіби педагог. Ол бүгінгі Сингапур Ұлттық Университетінің академиялық білім беру жүйесінің ең алғашқы авторларының бірі, сонымен қатар Арнайы ғылыми бағдарлама, Университет ғалымдарының бағдарламасы, Университет қалашығындағы студенттік жатақхана бағдарламасы, Бағалаусыз жыл және Технологияны жоғарлау арқылы білім беру сияқты инициативаларында белсене қатысқан. Сонымен бірге, Профессор Тан Сингапурлық математика қоғамының президенті (2001-2005 жылдар аралығында) және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің математика қоғамының президенті (2004-2005 жылдар аралығында) болып тағайындалған.

2014 жылы Профессор Тан Сингапурдың Ұлттық Күніне арналған салтанатты кешінде білім беру саласына қосқан үлесі үшін  мемлекеттік басқарудағы алтын медальдің иесі атанды. Ал 2018 жылы білім беру, оқыту, академиялық басқару және мелекеттік қызмет ету саласындағы Уилбур Люциус Кросс атындағы Йель Университетінің медалімен марапатталған. 2018 жылы «жаңашыл және ерекше білім беруші, сонымен қатар ғылыми саладағы біртуар және құрметті көшбасшы» атты табыстары үшін Саутгемптон Университетінің сыйлы ғылым білімдерінің докторы болып танылған.

Events
June 6, 201909:20-10:50
Болашақ талабына сай түлектер
Пленарлық сессия
Өткізілетін орны: Қызғылт зал, 2 қабат, Блок C2, Назарбаев Университетi