Энг Чие ТАН

Энг Чие ТАН

Президент, Сингапур Ұлттық Университеті

Профессор Тан Энг Чие Сингапур Ұлттық Университетінің (СҰУ) президенті болып 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалды. Ол Университеттің 5-ші президенті және Сингапурдың ең ескі жоғары білім беру институтының 23-ші көшбасшысы.

Профессор Тан көптеген марапаттардың иесі атанған кәсіби педагог. Ол бүгінгі Сингапур Ұлттық Университетінің академиялық білім беру жүйесінің ең алғашқы авторларының бірі, сонымен қатар Арнайы ғылыми бағдарлама, Университет ғалымдарының бағдарламасы, Университет қалашығындағы студенттік жатақхана бағдарламасы, Бағалаусыз жыл және Технологияны жоғарлау арқылы білім беру сияқты инициативаларында белсене қатысқан. Сонымен бірге, Профессор Тан Сингапурлық математика қоғамының президенті (2001-2005 жылдар аралығында) және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің математика қоғамының президенті (2004-2005 жылдар аралығында) болып тағайындалған.

2014 жылы Профессор Тан Сингапурдың Ұлттық Күніне арналған салтанатты кешінде білім беру саласына қосқан үлесі үшін  мемлекеттік басқарудағы алтын медальдің иесі атанды. Ал 2018 жылы білім беру, оқыту, академиялық басқару және мелекеттік қызмет ету саласындағы Уилбур Люциус Кросс атындағы Йель Университетінің медалімен марапатталған. 2018 жылы «жаңашыл және ерекше білім беруші, сонымен қатар ғылыми саладағы біртуар және құрметті көшбасшы» атты табыстары үшін Саутгемптон Университетінің сыйлы ғылым білімдерінің докторы болып танылған.

Абстракт 

Әлемде жылдам өзгерістерге ұшырап, технологиялар мен жаһанданудың өзара әрекеттесуіне әкеліп соққан толқындардың үдерісі жүріп жатыр. Жұмыс орындарына және жұмыс сипатына әсер ететін экономика, өндіріс және құрылымдарға түбегейлі өзгерістер енгізілетін болады. Тұрақты ретроляциялау және қалпына келтіру қажеттілігі қазірдің өзінде қатты сезіліп жатыр Мұның бәрі өмір бойы оқуға деген қажеттілікке және жоғары оқу орындарына өмір бойы оқыту қажеттіліктерін қанағаттандырудағы үлкен рөлді атқаруға күшті серпін береді. Сингапурдың Ұлттық университетінде болашақ түлектерді тәрбиелеу мақсатымыздың негізгі бөлігі біздің оқушыларымыздың өмір бойы білім алуына жолдың ашық болуы.

Events
June 7, 201914:00-16:00
Индустриялық-академиялық экожүйені қалыптастыру‘
Панельдік талқылау
Өткізілетін орны: Қызғылт зал, 2 қабат, Блок C2, Назарбаев Университетi
June 7, 201911:20-12:50
Өмір бойы оқу: сұрақ қоюдан ешқашан жалықпаңыз
Секциялық отырыс 4
Өткізілетін орны: Болрум (оң) 1, Блок C2, Назарбаев Университетi