Джонатан  Воцель

Джонатан Воцель

Аға серіктес, Директор, McKinsey (MGI) Дүниежүзілік институты

Доктор Джонатан Воцель 1985 жылдан бері Қытайдағы McKinsey офисінің құрылуында маңызды рөл атқарды. Жаһандық өсімге Қытай және басқа да азиялық кәсіптерді дайыдау жұмысымен қоса, доктор Воцель MGI бизнес және экономикалық зерттеу бөлімінің директоры болып табылады. Сонымен қатар ол McKinsey-дің қалалар бойынша әлеуметтік бастамасы мен әлемнің 40-тан астам аймақтарындағы қалалық, аймақтық және мемлекеттік өкіметтерімен фирманың жұмысын ұйымдастыруда басшылық етеді. McKinsey және Цинхуа Университетімен бірге Қытай урбанизациясындағы мәселелерді шешу мақсатымен құрылған «Қалалық Қытай» бастамасының тең-төрағасы қызметін атқарады. Доктор Воцель жаһандық экономикалық үрдістер бойынша көптеген зерттеулерде жетекшілік етті. Бұл зерттеулер өндіріс және өсім, урбанизация, қолжетімді баспана, энергиямен жабдықтау және тұрақты даму, электрондық сауда мен Ғаламтордың экономикалық әсері, өндіріс өсімі және Қытай мен Азияның экономикалық дамуы сияқты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар, доктор Воцель Қытай жайлы бес кітабын жарыққа шығарды.

Events
June 7, 201916:15-17:50
Қорытынды талқылау
Жабу сессиясы
Өткізілетін орны: Қызғылт зал, 2 қабат, Блок C2, Назарбаев Университетi
June 7, 201911:20-12:50
Өмір бойы оқу: сұрақ қоюдан ешқашан жалықпаңыз
Секциялық отырыс 4
Өткізілетін орны: Болрум (оң) 1, Блок C2, Назарбаев Университетi