Мирас Дауленов
Провост, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті1983 жылдың 1 маусымында Шығыс-Қазақстан облысының Өскемен қаласында туған.
Орта мектепті аяқтағаннан кейін С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетіне түсіп, 2004 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша үздік аяқтады.
2006 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан Мемлекеттік университетіне магистратураны бітірді. Магистрлік диссертация тақырыбы: «Мемлекеттердің жауапкершілігі туралы халықаралық-құқықтық нормаларды іске асыру проблемалары».
2007-2012жж.Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері болып,Вроцлавский Университетінің (ПольшаРеспубликасы), докторантурасында оқыды. Докторлық зерттемесі «Rozwój potencjału i oferty edukacyjnej Uniwersytetu Wrocławskiego szansą zwiększenia konkurencyjności Uczelni» Еуропалық Одақ шеңберінде ішінара қаржылық қолдау алды.
2012 жылдың маусымында Вроцлавский Университетінде Ph.D. докторы ғылыми дәрежесіне үміткер ретінде «Еуропалық Одақ халықаралық шарттарында тауарларды, тұлғаларды, қызметтерді және қаржыны көшіру» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны сәтті қорғап шықты.
2009-2012жж. Вроцлавский Университетінің Халықаралық және еуропалық құқық кафедрасында ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асырды.
2012 жылдың тамыз айынан бастап 2015 жылдың қыркүйек айына дейін КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық құқық кафедрасын басқарды. ТМД Экономикалық соты жанындағы Ғылыми-сбағаттық кеңес мүшесі.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Ғылыми-сабағаттық кеңес мүшесі.
Ф. Джессопатындағы кубокке Халықаралық ойындық сот процестеріне қатысу бойынша КАЗГЮУ Университеті командасының жаттықтырушысы. Wrocław Review of Law, Administration and Economics рецензенті.
«Құқық және мемлекет» журналының рецензенті.