Альмира Жантуякова
Студент, Назарбаев университетАльмира 2019 жылы Назарбаев Университетінің (Астана, Қазақстан) биология
ғылымдарының бакалавр дәрежесімен аяқтады. Оқу барысында ол бағаналы жасушалар,
метаболомика және экология салаларындағы ғылыми тағылымдамаларды қаржыландыру үшін
бірнеше халықаралық гранттарға ие болды. Ол 2018 жылы «Amgen» фармацевтикалық
компаниясының 20 стипендиясының біреуіне ие болып, психикалық аурулар физиялогиясында
қатысатын химиялық заттарды Макс Планк атындағы психиатрия институтында(Мюнхен,
Германия) зерттеді. Ол өзінің нәтижелерін Кембридж университетінде (Кембридж, Ұлыбритания)
өткен симпозиумға ұсынды. Альмира Назарбаев Университетіндегі iGEM зерттеу тобының
құрамында болып, Массачусетс технологиялық институтында (Бостон, Массачусетс штаты, АҚШ)
өткен 2017 Халықаралық генетикалық инженерлік машиналар байқауында биоремедиация
жобасымен алтын медаль жеңіп алды. Есенов атындағы стипендияның арқасында қазіргі уақытта
Нью-Йорк университетінде (Нью-Йорк, Нью-Йорк, АҚШ) эмбриология бойынша тағылымдамадан
өтуде. Альмира 2019 жылдың қыркүйек айында Британдық Колумбия университетінде (Ванкувер
қ., Канада) жыныс жүйесінің биологиясы саласында магистр оқуын бастайды.