Негізгі ақпарат

ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ-2018: “Озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру”

2018 жылдың 7 – 8 маусым аралығында Назарбаев Университеті «Құлдырау кезеңінде жоғары білім беру саласын жаңарту» тақырыбында Жоғары білім беру көшбасшыларының еуразиялық форумының өткізілуі жоспарланған. Форум білім саласындағы мүдделі тұлғаларды пікір алмасып, қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі жоғары білім көшбасшыларының алдында тұрған мәселелерді қызу талқылау үшін біріктіруге бағытталған. Форумның мақсаты – жоғары білім беру қауымдастығымен аталмыш тақырып аясында білім беру саласын технологиялық және әлеуметтік өзгерістер тұрғысынан талқылау.

«Озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру» тақырыбына арналған бірқатар қызықты пленарлық сессиялар өтеді

  • Озық технологиялар аясындағы жоғары білім беру саласын инновацияландыру;
  • Озық технологиялардың Назарбаев Университетінің мектептеріне әсері;
  • Жоғары оқу орындарының дағдыларды дамыту және ұзақ мерзімді мақсаттарға жетудегі рөлі;
  • Озық технологиялардың әлеуметтік ғылымдарға әсері;
  • Озық технологиялардың нақты ғылмдарға әсері;
  • Озық технологиялардың Орталық Азияға әсері;
  • Жоғары оқу орындардың жүзеге асыратын үздік тәжірибелері

«Create.Innovate.Disrupt.» – Назарбаев Университетінің Astana Business Campus Инновациялық кластерінің көрмесі

Astana Business Campus Инновациялық кластерінің көрмесі университеттің Технопарк базасындағы іске асырылатын инновациялық эко-жүйені дамытудағы тәжірибесін көрсетеді. Бүгінге Кластер жобалырының портфеліне 30-дан астам табысты стартаптар, инновациялық жобалар мен өнеркәсіптің тапсырысы бойынша іске асырылған жобалар кіреді. Олардың барлығы «Create.Innovate.Disrupt.» көрмесінде ұсынылатын болады.

EHELF форумының қатысушылары бизнес-инкубатордың және бизнес-акселератордың, коммерцияландыру кеңсесінің жұмыстарымен және Технопарктың инфрақұрылымымен таныса алады.

Форум материалдарының жинағында ғылыми мақаланы жариялау мүмкіндігі

Конференция қатысушылары Форум материалдарының жинағында ғылыми мақалаларды жариялау мүмкіндігіне ие болады. Жыл сайынғы Форум материалдарының жинағы Thompson Reuters CPCI, ERIC, Google Scholar атты деректер базасында индекстеледі. Сонымен қатар мақалалар Назарбаев Университетінің репозиторийінде сақталады. Мақалаларды жариялауға қабылдау шарттары Форумның сайтында көрсетіледі (www.ehelf.nu.edu.kz).

Тіркелу шарттары

Конференцияға Форум сайты (www.ehelf.nu.edu.kz) арқылы тіркелуге болады, тіркелу 15 000 теңге, алдын ала тіркелу 10 000 теңге, және студенттердің тіркелу құны 5000 теңгені құрайды.

ФОРУМ ТІЛДЕРІ:

Конференцияның жұмыс тілдері ағылшын, қазақ және орыс тілдері. Тіркелу орнында қалау бойынша ілеспе аударма қолжетімді болады. Аударма үш тілге жасалады: қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Ілеспе аударманың құрылғысын алу тек жеке басты куәландыратын құжатты (паспорт, жеке куәлік) көрсетумен ғана жүзеге асырылатынына назарыңызды аударамыз.