Негізгі ақпарат
ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ-2019:«Болашақ талабына сай түлектер»
2019 жылдың 6 – 7 маусым аралығында Назарбаев Университетінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы) Жоғары білім көшбасшыларының VIII жыл сайынғы еуразиялық форумы өтеді. Биыл біз “Болашақ талабына сай түлектер” атты форумның басты тақырыбына сай қызықты сессиялар дайындадық.
«Болашақ талабына сай түлектер» тақырыбына арналған бірқатар қызықты пленарлық сессиялар өтеді
- ЖОО-ның сын-тегеуріндері: еңбек нарығының өзгеруі;
- Жаһандық үрдістер және оның жергілікті деңгейдегі өзектілігі;
- ЖОО-ның құндылықты ұсынысы: болашақ көшбасшылары;
- Болашақ талабына сай ЖОО;
- Өмір бойы оқу: сұрақ қоюдан ешқашан жалықпаңыз;
- Индустриялық-академиялық экожүйені қалыптастыру;
Тіркелу шарттары
Конференцияға Форум сайты арқылы тіркелуге болады, тіркелу 15 000 теңге, алдын ала тіркелу 10 000 теңге, және студенттердің тіркелу құны 5000 теңгені құрайды.
ФОРУМ ТІЛДЕРІ:
Конференцияның жұмыс тілдері ағылшын, қазақ және орыс тілдері. Тіркелу орнында қалау бойынша ілеспе аударма қолжетімді болады. Аударма үш тілге жасалады: қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Ілеспе аударманың құрылғысын алу тек жеке басты куәландыратын құжатты (паспорт, жеке куәлік) көрсетумен ғана жүзеге асырылатынына назарыңызды аударамыз.