Форум туралы
ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ-2019
Тақырыбы: “Болашақ талабына сай түлектер”
Мерзімі: 2019 жылдың 6-7 маусым аралығында
Өтетін орны: Назарбаев Университет, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан
2019 жылдың 6 – 7 маусым аралығында Назарбаев Университетінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы) Жоғары білім көшбасшыларының VIII Eуразиялық форумы өтеді. Биыл біз “Болашақ талабына сай түлектер” атты форумның басты тақырыбына сай қызықты сессиялар дайындадық.
Биылғы іс-шара жоғары оқу орындарының студенттерді еңбек саласындағы жаңа өзгерістерге бейімдеу, сондай-ақ болашақ көшбасшылар мен жақсы азаматтарды дамытуға арналады. Бүгінгі күні оқу орындарының алдында студенттер үшін білім құндылығын арттыру мақсаты қойылған. Бұл оқыту тәжірибесін интернационалдандыру, зерттеулерге қатысу, өмір бойы оқу, сонымен қатар осы саладағы алдыңғы қатарлы іскерлермен берік серіктес қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қамтиды.
Білім беру көшбасшылары, кәсіпкерлік және үкіметтік ұйымдар, ғылыми қызметкерлер мен жұмыс берушілер тәжірибе алмасып, мекемелердің жаңа сын-тегеуріндерін еңсеру жолдары туралы ойларымен бөлісіп, талқылауға қатысады.
Форумға жоғары оқу орындарының басшылары, оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері, білім беру саласындағы қауымдастықтар мен бірлестіктер, студентер, сонымен қатар білім беру саласындағы идеяларымен, білімдерімен және тәжірибесімен алмасуға ынталы тұлғалар қатыса алады.
ТІРКЕЛУ ШАРТТАРЫ
Конференцияға Форум сайты (www.ehelf.nu.edu.kz) арқылы тіркелуге болады. Тіркелу 15 000 теңге, алдын ала тіркелу 10 000 теңге, және студенттердің тіркелу құны 5000 теңгені құрайды. Тіркеу құнына барлық пленарлық мәжілістер мен постер презентацияларына қатысу, қатысышы жиынтығы, кофе-брейк және Назарбаев Университетінің қонақүйінде тұру қызметтеріне арнайы тарифтер кіреді. Тіркелу 2019 жылдың 31 мамырында жабылады.
ФОРУМ ТІЛДЕРІ:
Конференцияның жұмыс тілдері ағылшын, қазақ және орыс тілдері. Тіркелу орнында қалау бойынша ілеспе аударма қолжетімді болады. Аударма үш тілге жасалады: қазақ, орыс, ағылшын тілдері. Ілеспе аударманың құрылғысын алу тек жеке басты куәландыратын құжатты (паспорт, жеке куәлік) көрсетумен ғана жүзеге асырылатынын ескертеміз.