Қадиша  Даирова

Қадиша Даирова

Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент, Назарбаев Университеті

Алматы мемлекеттік шет тілдер педагогикалық институтын «Ағылшын тілі» мамандығы бойынша бітірген. Мәскеу шет тілдері педагогикалық институтында «Филология ғылымдары кандидаты» ғылыми дәрежесін қорғаған. Қазақстан Республикасы СІМ, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің Үшінші хатшысы және Қазақстан Республикасы СІМ Екінші хатшысы, Америка және Еуропа департаментінде қызметтер атқарды. ҚазМУ Дипломатия академиясының доценті, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Лингвистикалық орталық» қоғамының негізін салушы және президенті болды.

1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің АҚШ-тағы өкілі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің екіжақты ынтымақтастықтың гуманитарлық мәселелері бойынша кеңесшісі болып қызмет етті. АҚШ пен Канадада Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасын әкімшілендіру бойынша басымды міндет атқарды.«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Президенті, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжам институтының (ҚМЭБИ) даму жөніндегі проректоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымдарын атқарды.

Events
June 6, 201915:30-17:00
Іскерлік келіссөздер
Қоса өтетін семинарлар
Өткізілетін орны: Болрум 2, Блок C2, Назарбаев Университетi