Аида Сағынтаева
Декан , Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебіҒылым докторы Аида Сағынтаева (Ph.D., Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) өзінің кәсіби мансабын Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде оқытушы лауазымынан бастаған адам болып табылады, сондай-ақ Сағынтаева ханым Еуразия ұлттық университетінде халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректор лауазымында да жұмыс істеді. Ол Білім және ғылым министрлігінің Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің Еуропалық үш деңгейлік жүйесіне өту бойынша білім беру зерттеу жобаларына қатысты, сондай-ақ Қазақстанда докторантураның батыс бағдарламаларын (PhD) енгізуге бағытталған, министрлер деңгейіндегі бастаманы үйлестірді. Сонымен қатар ол «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің лауазымында да жұмыс істеді («Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы). Бүгінгі танда ғылым докторы А.Сағынтаева Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті болып табылады. А.Сағынтаева ғылыми журналдарда 50 астам мақаланың, тіл мәселелері жөніндегі, шетел тілдерін меңгеру, білім беру реформалары, жоғары білім беруді интернационалдандыру, білім беру саясаты, сондай-ақ жоғары білім беруді басқару салаларында бірнеше әдістемелік құралдың авторы және бірлескен авторы болып табылады