Сидзи Ю

Сидзи Ю

Заместитель директора, Образовательный центр по вопросам онлайн-обучения при Министерстве образования (Пекин, Китай), Директор, Офис онлайн-обучения Университета Цинхуа (Пекин, Китай)

Профессор Сидзи Ю Білім беру министрлігінің онлайн-оқыту жөніндегі білім орталығы директорының орынбасары болып табылады. Одан басқа, ол Цинхуа университетінің Онлайн-оқыту офисінің директоры және Қытай Интернет-қоғамының Интернет-оқыту жөніндегі атқарушы комитет директорының орынбасары болып келеді.

Ол провинициялық және мемлекеттік деңгейлерде бірқатар зерттеу жобаларын басқарып, Ұлттық ғылыми-техникалық прогресінің екінші жүлдегері болды. Оған қоса, профессор оқытқан немесе қатысқан курстардың бесеуі ұлттық оқыту бағдарламаларының арасында үздік белгісін алды. Соңғы жылдар ішінде ол 10 монографияның редакторы және құрастырушысы болып, 30-дан астам ғылыми жұмыстарын жариялап, олардың 20-ы SCI, EI және CSSCI-де басылды. Профессор Сидзи Ю “Тәжірибелі жұмысшы”, “Үздік түлек”, “Пекин университетінің көрнекті ұстазы” және Астаналық әлеуметтік тәжірибе колледжінің “Маңдай алды жұмысшы” жүлделерінің иегері болып, бірінші Цинхуа технологиялық жетістіктері сыйлығымен марапатталды.

Сонымен қатар, профессор Сидзи Ю әртүрлі түйінді бөлімдерде қызмет атқарды. Олардың ішінде ол Нақты құрал департаменты деканының орынбасары, студенттер істері бойынша директордың орынбасары, Жаңалықтар орталығы директорының орынбасары, қабылдау комиссиясының және Цинхуа университетінің Президенті кеңсесінің директоры қызметін атқарған. Бұған дейін Білім беру министрлігінің Университеттік қабылдау жөніндегі зерттеу қоғамының президенті болып, Бейжің жоғары білім беру қауымдастығының Қабылдау және емтихандар сұрақтарындағы зерттеулер қоғамының атқарушы директоры қызметінде де болған.

Events
Июнь 8, 201809:30-11:30
Секционное заседание 1
Секционное заседание 1
Место проведения: