Сяоцю  ВУ

Сяоцю ВУ

Вице-президент, Қытай халық университеті

Қаржы профессоры және доктор болуға кандидаттарының жетекшісі болуымен қатар, доктор Ву Қытай халық университетінің вице-президенті, Жоғары мектептің вице-президенті, Университеттің Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары және Қаржы мектебі мен Янцзы шәкіртақысының жанындағы Қаржы мен бағалы қағаздар институтіңнің директоры болып келеді.

Одан басқа ол қаржы саласындағы жоғары білім беру жөніндегі Ұлттық басқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Мемлекеттік кеңес жанындағы Дәрежелік Комитеттің Бағалау тобының (қолданбалы экономика) мүшесі, Ұлттық әлеуметтік ғылымдар қорының Бағалау тобының (Басқару тәртібі) мүшесі, Бейжін муниципалдық білім беру жүйесінің Дәрежелік комитетінің мүшесі, Қытай бағалы қағаздарын басқару Комиссияының тоғызыншы Сарапатау комитетінің, 13-ші бес жылдық Қытай Халық банкін қаржыландыру жайындағы Сарапшылар комитетінің мүшесі, Қытай қаржы қоғамының атқарушы директоры және Қытай халықаралық экономикалық алмасулар орталығының директоры болып келеді. Д-р Ву Қытай капитал нарығының саласын зерттеуде ең ықпалды профессорлардың бірі деп танылады.

Қаржы және бағалы қағаздар бойынша сарапшы ретінде д-р Ву – түрлі ғылыми жураналдарда жарық көрген жүзден астам мақалалардың авторы. Олардың ішінде “Қытайдағы әлеуметтік ғылымдар”, “Қаржылық зерттеулер журналы”, “Қаржы және сауда экономикасы”, “Басқару әлемі” және “Қытай Халық университетінің журналы” сияқты белгілі журналдарды белгілеп атауға болады. Оған қоса, оның еңбектерінің ішінде бірқатар кітаптары да бар: “Қытай капитал нарығын талдау” (Analysis on Chinese Capital Market) (2006), “Қаржылық дағдарысты ағарту” (The Enlightenment of Financial Crisis) (2009), “Қытайдың трансформациясы және көтерілуі: қаржылық билікке жолды зерттеу” (The Transformation and Rise of China: Exploring a Road to a Financial Power) (2011), “Қытайдағы капитал нарығы: институттік өзгерістер және саяси дәлдеу” (China’s Capital Market: Institutional Change and Policy Adjustment) (2013), «Интернет-қаржы: қисыны және құрылымы» (Internet Finance: Logic and Structure) (2015), «Мәселелер мен дәлелдер: Қытай нарықтық форумының 20 жылдыұ тақырыптық зерттеулерінің симпозиумы» (Concerns and Arguments: the Symposium of the Theme Studies in 20 Years of China Capital Market Forum) (2016), «Қор нарығындағы дағдарыс және үкіметтің араласуы: болашақ тарихпен жазылсын» (Stock Market Crisis and the Government Intervention: Let History Tell the Future) (2016) и «Қытайдың бағалы қағаздар компаниялары: экономикалық өсуді, қаржылық құрылымды және болашақ дамуды талдау”. (Chinese Securities Companies: An Analysis of Economic Growth, Financial Structure Transformation, and Future Development) (Wiley, 2014).