Роберто Саракко

Роберто Саракко

Электротехника және электроника инженерлері институтының болашақ бағыттары жөніндегі комитеттің салалық консультативтік кеңесінің басшысы және симбиотикалық автономды жүйелер бастамасының төрағасы

Роберто Саракко жастық шағынан технологияға ғашық болған. Сондықтан ол математика және компьютер ғылымдары саласында білім алды. Ол 2017 жылдың сәуір айына дейін Сандық Еуропалық Инновациялар және Технологиялар Институтының (EIT Digital) Итальяндық тармағын басқарған, содан кейін 2018 жылдың қыркүйек айына дейін EIT Digital Индустриялық докторлық мектебін басқарды. Еңбек жолының басында, 2011 жылдың желтоқсанына дейін, ол Венециядағы Telecom Italia Болашақ Орталығының директоры болды, бұл орталықта технология, экономика және қоғамның өзара әрекеті зерттелінді. Ғасырлар тоғысында, ол Латын Америкасында кәсіпкерлікті алға бастыруға бағытталған Дүниежүзілік банк-инфоДев жобасын басқарған.

Ол Электротехника және Электроника Инженерлер Институтының (IEEE) аға мүшесі болып табылады, онда Болашақ бағыттар жөніндегі комитеттің салалық консультативтік кеңесін басқарады және Сандық Трансформация бастаманың тең төрағасы. Ол Тренто университетінің магистратура бағдарламасында технологияны болжау және технологияның нарыққа әсері туралы курстан дәріс береді, оған қоса Электротехника және Электроника Инженерлер Институтының (IEEE) Байланыс қоғамының (COMSOC) құрметті оқытушысы.

 Роберто Саракко 200-ден астам мақалалар мен 14 кітаптың авторы болып табылады. Ол күнделікті технологиялар мен нарықтағы инновациялар туралы пікірлерімен өз блогында http://sites.ieee.org/futuredirections/category/blog/ бөліседі.