Айдын Рахимбаев

Айдын Рахимбаев

Бақылаушы акционер және директорлар Кеңесінің Төрағасы, BI Group инвестициялық және құрылыс холдингі

 

Айдын Жумадилович Шығыс Қазақстан облысының Самара ауданында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Сонымен қатар, заңгер мамандығы бойынша жоғары білімі мен іскерлік басқару бойынша магистр дәрежесі бар.

Өз еңбек жолын он алты жасында құрылысшылар командасында жұмыс істеумен бастады. 1995 жылы курстастарымен бірге «АзТЭК» Трейдингтік компаниясының, кейінрек BI Grou холдингінің негізін қалады. 2005 жылдан бастап BI Group холдингінің директорлар Кеңесінің Төрағасы болды. Сонымен қатар, Айдын Рахимбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі.

Ол көп уақытын қайырымдылық жобаларымен айналысуға арнайды және «BI Жұлдызай», «Ана Үйі» қоғамдық қоры мен білім беру қоры «IQanat» сияқты жобалардың бастамашасы болып табылады. Рахимбаев Айдын Forbes Kazakhstan рейтингі бойынша Қазақстанның ең ықпалды кәсіпкерлер ондығына кіреді. 2015 жылы ол «Дакар-2015» жарысының қорытындысы бойынша әлемдегі ең мықты пилоттарының ондығына кірген. 2017 жылы Коне, Гавайидағы Ironman Әлем чемпионатында ең алғашқылардың бірі болып Қазақстанның атынан жарысты, сонымен қатар түрлі жылдары Ironman Vichy, Barcelona, Kopenhagen сияқты жарыстарға қатысқан.