Лоретта  О’Донелл

Лоретта О’Донелл

Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост, Назарбаев Университет

Доктор Лоретта O’Доннелл 2013 жылдың тамыз айынан бастап Назарбаев Университетінде Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост қызметін атқаруда. 2016 жылдың мамыр мен қыркүйек айларының аралығында провост қызметін атқарды.

Академиялық сұрақтар жөніндегі вице-провост рөлінде доктор О’Доннелл халықаралық стандарттарға сай оқу бағдарламаларының сапасын дамытудағы жұмыстарды Декандармен бірлесе ұйымдастырады. Сонымен қатар, Назарбаев Университетінің миссиясын орындау және тәжірибесін жергілікті және аудандық жоғарғы оқу орындарына трансляциялау жұмыстары бойынша Университетінің стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынасты күшейтуде.

Доктор О’Доннелл Австралиялық бизнес мектебі мен Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетіндегі (UNSW) EMBA (басшыларға арналған MBA бағдарламасы) бағдарламасында, бакалавриат пен жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларында 20 жылдық оқыту тәжірибесі бар. Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті – бұл 100-ден астам мемлекеттерден келген 52 мың студент оқитын жетекші зерттеу университеті. Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің МВА бағдарламасы соңғы жеті жыл бойы бүкіләлемдік рейтингте 50 озық бағдарламалардың қатарына кіреді. Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің ғылыми-оқытушы құрамның өкілі ретінде, академиялық кеңестің мүшесі ретінде, ол академиялық саясатты құру мен дамыту жұмыстар мен оқыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын қатар орындады.

Доктор О’Доннелл өзінің қаржы нарықтарындағы адами капиталдың талдауы зерттеуі үшін маңызды номинацияда марапатталды. Сонымен қатар, ол Сидней мен Чикаго қалаларындағы ірі компанияларда ұйымдық өзгерістерді енгізу саласында кеңестік қызмет көрсетті, және де құрылымдық өзгерістерді қолдаудағы басқару жүйелерін дамыту саласында істейтін кішігірім фирмаға кеңестік қызметін көрсетті. Доктор О’Доннелл Маккуори Жоғарғы Басқару Мектебінің (Macquarie Graduate School of Management) басқару саласындағы философия докторы дәрежесіне ие. Сонымен қатар, МВА дәрежесіне (Жоғарғы Австралиялық менеджмент мектебі, Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті), гуманитарлық ғылымдардың бакалавры дәрежәсіне (үздік) және білім саласындағы дипломына ие.

Events
June 6, 201915:30-17:00
Гендірлік мәселелерді талқылау
Қоса өтетін семинарлар
Өткізілетін орны: Болрум 1, Блок C2, Назарбаев Университетi