Лора  Пул-Уоррен

Лора Пул-Уоррен

Ғылым жөніндегі проректоры және жоғары ғылым мектебінің деканы

Профессор Лора Пул-Уоррен – Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің ғылым жөніндегі проректоры және жоғары ғылым мектебінің деканы. Профессор Пул-Уоррен стратегиялық көшбасшылықпен айналысып, зерттеу ісі жөніндегі проректор орынбасарына жоғары дәрежелі зерттеулерге, ерте мансап жолындағы зерттеушілерге және зерттуелік дамуға байланысты сұрақтар бойынша қолдауын көрсетеді. Одан басқа, ол ерте мансап және жоғары дәрежелі зерттеушілермен байланысты стратегия мен саясат, солардың ішінде стратегиялық ұлттық және халықаралық біліктілікті көтерудегі серікстестік қатынастар үшін жауапты.

Бырлығына қоса, проректор ретінде профессор Пул-Уоррен HDR кандидатураларының істері істері үшін және зерттеушілердің дамуы мен оқытылуы үшін жауап беретін Жоғары зерттеулер мектебін және Зерттеулік даму бөлімін бақылайды. Өзінің соңғы жұмыс орнына дейін профессор Пул-Уоррен UNSW-де бірқатар академиялық және сол сияқты қызмет орындарын иеленді. Солардың ішінде зерттеулік оқыту жөніндегі декан орынбасары және инженерлік факультет деканының орынбасары қызмет орындарын белгілеп кетуге тура келеді (2005-2009 жж.)

Бүгін профессор Пул-Уоррен биосинтетикалық полимерлерді әзірлеуге және оларды медициналық тұрғыда қолдануға бағытталып, биомедициналық инженерия саласындағы зерттеу тобын қазірге дейін басқарады. Ол TSE, AIMBE және BSE Австралия академиясының мүшесі болып іріктеліп, қазіргі кезде өз саласында жетекші болып келетін “Biomaterials” журналының редакторының орынбасары болып істейді.

Events
June 7, 201809:45-12:15
Озық технологиялар аясындағы жоғары білім беру саласын инновацияландыру
1-ші пленарлық сессия
Өткізілетін орны: Кабинет 1022, блок С3, Назарбаев Университет