Лилиана Биглу, OBE

Лилиана Биглу, OBE

Білім беру және әлеуметтік ықпал ету жөніндегі кеңесші

Лилиана Биглу, OBE – Британ Советі үшін халықаралық және аймақтық күрделі амалдар жүргізудің 25 жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті кеңесші. Өткенде ол Қазақстандағы Британ Советінің директоры болып, қазіргі кезде Африкан бизнес-технологиялары жүйесінің консультациялық кеңесінің (ATBN) мүшесі болып табылады.

Лилиана – жастардың оқытылуын қолдауға, дағдылардың арасындағы алшақтықты кемітуге, тиімділікті арттыруға және экономикалық өсуге бағытталған, үкімет, өнеркәсіп, фондтар мен ғылыми ортаны біріктіре алған көптеген білім беру жобаларының бастаушысы және дамытушысы. Өз тәжірибесінде ол Дүниежүзілік банк, Ұлыбритания халықаралық даму министрлігі, Еуроодақ сияяқты түрлі ұйымдармен бірге қызмет еткен болатын. Оның соңғы еңбектерінің мысалы ретінде Рокфеллер фондымен, Barclays банкімен және Ковентри университетімен бірге ұйымдастырылған жобаларды келтіруге болады. Бұл жобалардың нәтижесінде түрлі ортадан шыққан, соның ішінде жағдайы кемшілікті, 9000 жас азамат оқытылп, жастар мен бастаушы кәсіпкерлер арасындағы жұмыспен қамтылу 64% дейін жетті. Басқа мысалдардың ішінде Африкада Сахарадан оңтүстікке қарай жатқан аймақтағы студенттер арасында жұмыспен қамтамасыз етілуді зерттеу жобасы және STEM оқытушыларын дайындау және 300 жас қыздарға STEM пәндерін орта мектептерде оқыту мақсатында Vodafone компаниясымен бірге ұйымдастырылған жобаны айтып кетуге тура келеді.

2017 жылдың қазанында Лилиана Британ Советіндегі еңбегін бітіріп, білім беру және әлеуметтік ықпал ету жөніндегі өзінің жеке кеңес беру ісін бастады. Оған қоса, ол Ұлыбритания және басқа мемлекеттер арасында нәтижелі қарым-қатынастар дамыту ісін күні бүгінге дейін жалғастыруда. Жекеше алғанда, кеңесші көбінесе түрлендіру өзгерістеріндегі, әлеуметтік ықпал ету және демографиялық дивидендтерді барынша көбейтудегі білім берудің рөліне қызығады. 2004 жылы Лилиана Ұлыбританияда білім дамыту ісі үшін Британ империясының Орденімен марапатталып, Офицер (OBE) атағының иегері атанды. Оның басқа марапаттары және ерекшеліктері ішінде Украин ұлтының білім беру жүйесіндегі жетістіктері үшін оған ұсынылған Украина Жоғарғы кеңесінің Құрмет медалін, 2016 жылы WomenRising тізіміне және Африкан кіспкерлерінің жүйесі құрастырған Гана елінің 50 жетекші әйел көшбасшылары атты тізімдеріне кіруін және 2018 жылы Business Executive ұсынған Гана әйелдерінің арасындағы жетістіктер сыйлығымен марапатталды.