Камилла Маматова

Камилла Маматова

Студент, Назарбаев Университет

Камилла Маматова Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде экономика саласы студенті. 2017 жылдың наурыз айында студенттердің жаппай дауыс беруімен Маматова Ханым Назарбаев Университетінің Студенттік Үкімет Презіденті болып сайланды. Студенттік үкімет студенттер өзін-өзі басқару жүйесінің жоғары органы ретінде студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы дәнекер рөлін атқарады, студенттердің өзекті мәселелерін шешіп және көшбасшылықты ілгерлетумен айналысады. Осы лауазымға тағайындалмай тұрып, Маматова Ханым Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебінің Студенттер Кеңесінің мүшесі (2014), Студенттік Үкімет Білім Министрі (2016), Назарбаев Университеті оқу процесін жақсарту комитетінде дауыс беруші (2016), Кейс Клубтың көшбасшысының біреуі (2015) және “Номад” дебат клубының белсенді мүшесі. Бұған қоса, 2016 жылдың жазында ірі энергетикалық холдинг “Самрұқ энерго” компаниясында тәжірибесін өткен. 2016 жылы маусым айында Камилла Маматова Toastmasters International Халықаралық Ұйымы тарапынан шешендік сөзлеу шебері куәлігінің иегері атанды. Сонымен қатар, ол қалалық және республикалық Кубок двух легенд 2015, НУДА-2015, Культегин 2016 атты дебат турнирлері жеңімпазы және жүлдегері. 2016 жылдың желтоқсан айында Гаагада өткен Дүниежүзілік дебат чемпионатында Назарбаев Университеті атынан төреші ретінде қатысты. Бұдан басқа, Камилла Маматова Changellenge Cup Kazakhstan 2017 кейс-чемпионатының күміс жүлдегері.
2017 жылдың ақпан айынан бастап Маматова Конрад Аденауэр атындағы фонд шәкіртақы алушы иегері.