Иван Крепак

Иван Крепак

11-сынып оқушысы, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі (Алматы, Қазақстан)

Физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы бола тұрып, Иван Крепак программист, роботехник және IT-қауіпсіздік саласының маманы болып келеді. Иван Қазақстандағы алғаш “bLock” атты “ақылды” құлыпты шығарып, жастардың түрлі жарыстарға қатысуын арттыруға бағытталған жоба ретінде “Zharys” деген қолданбаны әзірлеген болатын. Одан басқа, ол ««Qiianat Etpe» Антитеррористік антеннасы» жобасының әзірлеушісі және есту немесе сөйлеу мүкістігі бар адамдарға ишарат тілін білмейтін адамдармен қатынасуға көмектесетін «VoiceKomek» ұялы қолданбасының авторы ретінде де белгілі.

Бұның барлығына қоса, Иван – «Silicon Valley – Best Business Idea» жүлдесінің иегері, Касперский Лабораториясының “Әлемді қауіптен сақта” номинациясының жеңімпазы болып, ол South Kent School (АҚШ) мектебінде табиғат және су қолдануды оқыған болатын. “ТМД үшін 100 идея” (Минск, Беларусь) көрмесінің қатысушысы. «Astana Business Campus Quick Start» атты Назарбаев Университеті өткізген акселерациялық бағдарламаның финалына қатысып, ұялы қолднабаларды әзірлеу «nFactorial Incubator» жобасының түлегі. «Technovation» сайысының бас менторы және «ЮНИСЕФ. Инновациялар балалар үшін» атты хакатонның финалына қатысушысы да болған. «Nurintech» байқауының «Келешек» (2016) и «Әлеуметтік маңызы зор жаңартпалар» (2017) номинацияларында екі рет жеңіске жетіп, «Infomatrix 2017» халықаралық робототехника олимпиадасының және «IITU Olymp 2018» электрондық журналистика олимпиадасының жеңімпазы атанған. Иван киберқауіпсіздік тақырыбындағы бірқатар мақалалардың авторы болып келеді.