Илесанми  Адесида

Илесанми Адесида

Провост, Назарбаев Университет

Профессор Илесанми Адесида – зерттеуші-инженер, ғылым ортасында, сондай-ақ білім беру ортасындағы тәжірибелі басқарушы. Назарбаев Университетіне тағайындалмас бұрын, профессор Адесида Урабана-Шампейндегі Иллинойс университетінің Провосты және академиялық сұрақтар жөніндегі Вице-Провосты қызметін атқарды. Сонымен қатар, ол инженерия колледжінің деканы және сол университеттің микро және нанотехнологиялар лабораториясының директоры болды.

Назарбаев Университетінің Провості рөлінде профессор Адесида университеттің барлық академиялық және ғылыми бағдарламаларына шолу жасау процесін ұйымдастырады. Сонымен қоса, инновациялық білім бастамаларын жүзеге асыру, ғылыми-зерттеу гранттарын беру, академиялық сапаны қамтамасыз ету бағдарламаларын құрастыру және жүзеге асыру жұмысына шолу жасайды. Қазіргі уақыттағы оның қызығушылығы жоғарғы білім беру аясына, ғылым, инновация және мемлекеттік даму салаларына арналған.

Профессор Адесида өзінің ғылым бакалавры, ғылым магистрі және PhD дәрежелерін электрикалық инженерия саласында Калифорния университетінде (Беркли) алған. Ол Корнелл университетінде зерттеуші және қонақ профессордың ассистенті ретінде жұмыс істеген. Кейін ол Нигериядағы Abubakar Tafawa Balewa университетінде Электрикалық инженерия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған еді. Иллинойс университетіне 1987 жылы қызметке тұрған. Содан бері 2016 жылға дейін оқытушы ретінде жұмыс істеген. Профессор Адесида түрлі академиялық қызмет атқараған, соның ішінде, Электрикалық және компьютерлік инженерия профессоры, материалық ғылымдар және инженерия профессоры, және инженерия саласындағы Дональд Виллетт профессоры. Қазіргі кезде ол Инженерия колледжінің еңбегі сіңген деканы болып табылады. Иллинойста жұмыс істеген кезінде ол көптеген инновациялық бағдарламалардың бастамашысы болған. Соның ішінде, инженериялық білімге арналған iFoundary, Қолданбалы зерттеулер Институты, Ілгері цифрлі жүйелер орталығы және Жаңа медицина колледжі.

Профессор Адесида 350-ден астам ғылыми мақала жазған, халықаралық конференцияларда 250-ден астам презентация өткізген. Ол көптеген марапаттың иегері, жоғары білім саласындағы ілгерімдік үшін Oakley-Kunde марапатына ие, электронды материалдарды дамытудағы көрнекті үлесі үшін Джон Бардина (2016 TMS John Bardeen Award) марапатына ие. 2009 жылы Профессор Адесида Калифорния университетінің (Беркли) Электрикалық инженерия және компьютерлік ғылымдар кафедрасының ең үздік түлегі деп танылған. Сонымен қатар, ол бұрын президент қызметін атқарған IEEE электронды құрылғылар қауымымен ерең еңбегі үшін марапатталды. Профессор Адесида академиялық ортада және бүкіл әлемдегі (АҚШ, Сингапур, Гонконг, және т.б.) салалық кеңестерде түрлі лауазымдарда қызмет еткен және АҚШ-тың мәртебелі мемлекеттік инженерия академиясының мүшесі болып табылады.