Тау Чонг  ЧОНГ

Тау Чонг ЧОНГ

Президенті және проректордың міндетін атқарушы, Сингапур технологиялық және дизайн университеті

Профессор Чонг Тау Чонг Сингапур технология және дизайн университетінің (СТДУ) ректоры болып 2018 жылы тағайындалды. Ол 2010 жылы Сингапур технология және дизайн университетінің негізін қалауында және университеттің стратегиялық дамуында маңызды рөл атқарлды. СТДУ-нің президенті ретінде профессор Чонг Тау Чонг университеттің басты миссиясын орындалуы, мақсатына жетуі мен дамуына жауапты.

СТДУ-нің президенті қызметіне дейін профессор Чонг 15 жыл бойы  A*STAR ғылыми және инженерлік зерттеулер кеңесі мен Ақпаратты сақтау Институтының атқарушы директор қызметін атқарды. Сонымен қатар, оның электроника және есептеу техникасының профессоры ретінде Сингапур Ұлттық Университетінде 30 жылдық академиялық мансабы бар.

Профессор Чонг халықаралық журналдардағы 400-ден астам басылымдардың авторы және соавторы, сонымен қатар 35-тен астам шақырылған баяндамалар мен 25 патенттерге ие.

Ол ғылым мен техника салаларындағы еңбегі үшін Президенттік медаль, мемлекеттік басқарудағы күміс медаль,  ASME ISPS “Зерттеу және дамыту саласындағы” премия және NUS университетінде “керемет білім бергені үшін” премияларымен марапатталған.

Ол электротехника саласы бойынша Токия технологиялық институтында бакалавр деңгейін, Сингапур Ұлттық Университетінде магистр деңгейін және  Массачусетс технологиялық университетінде доктор деңгейін бітірді.