Андрей  Фильченко

Андрей Фильченко

Кафедра меңгерушісі, Тілдер, лингвистика және әдебиеттер кафедрасы, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі 

Д-р Андрей Фильченко 2007 жылы «Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы ғылыми дәрежесін және 2004 жылы гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесін Хьюстондағы Уильям Марш Райс университетінде алды. Сонымен қатар, ол 2002 жылы Ресейдегі Мари мемлекеттік университетінде Филология ғылымдарының кандидаты атағына ие болды.

Назарбаев Университетіне келмес бұрын, Д-р Фильченко Ресейдің Томск қаласындағы университетте қауымдастырылған профессор, аға ғылыми қызметкер, және зерттеу бөлімінің үйлестірушісі қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол Германияның Гамбург қаласында шақырылған профессор, және Беллингем, АҚШ; Токио, Жапония; Вена, Австрия; Лейпциг, Германия; Хельсинки, Финляндия; Эдинбург, Ұлыбритания; Будапешт, Венгрия секілді қалаларда шақырылған зерттеуші ретінде жұмыс жасады.

Д-р Филченко антропологиялық лингвистика, өріс әдістері мен тілдік құжаттама, лингвистикалық типология, когнитивтік лингвистика салаларында зерттеулер жүргізіп, сабақ береді.

Д-р Филченконың зерттеу жұмыстары Еуразияның кең ауқымды контекстіндегі Сібірдің түбегейлі халқының тілдері мен мәдениеттерін зерттеуге бағытталған. Андрей Сібірдегі Орал және Түркі халықтарының түпнұсқа тілдерінің және дәстүрлі мәдениетінің әр түрлі аспектілері жайлы бірқатар жобаларды басқарып, бірнеше жарияланымдар жазған. Ол осы халықтардың тілі мен мәдениетін типологияға, тарихқа, эволюцияға, жергілікті байланыстарға және тілдердің/мәдениеттердің жергілікті ауқымда өзгеруіне байланысты назар аударып зерттеді.