Аида Сағынтаева

Аида Сағынтаева

Декан, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебі

Аида Сағынтаева Назарбаев Университеті Жоғары білім мектебінің деканы. Еңбек жолын М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде ұстаз ретінде бастап, осы жоғары оқу орнында халықаралық серіктестік бөлімінің басшысы дәрежесіне дейін көтерілген. Сондай-ақ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ағылшын тілі кафедрасының, халықаралық серіктестік бөлімінде және де проректорлық қызметтерді атқарған. 2007-2009 жылдар аралығында АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті болып тағайындалған. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің батыстық үш дәрежелік білім жүйесін таныстыру мен енгізу кезінде ат салысқан. Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университетінің доценті. Аида Қыстаубайқызының шет тілі лингвистикасы, тіл мәселесі, жоғары оқу орнындағы басшылық, жоғары білім саласындағы жаһандану, білім саясаты саласында 50-ден астам ғылыми мақалалар мен жұмыстары жарыққа шыққан.

 

Байланыс ақпараты:

Жоғары Білім Беру Мектебі
Назарбаев Университеті
Қабанбай батыр даңғылы, 53, Aстана, 010000
Қазақстан Республикасы
Телефон: +7 (7172) 70-63-69
Email: asagintayeva@nu.edu.kz

Events
June 7, 201813:45-15:45
Озық технологиялардың Назарбаев Университетінің мектептеріне әсері
2-ші пленарлық сессия
Өткізілетін орны: C3, 1010
May 31, 201709:30-10:00
Кіріспе сөз
Форумның салтанатты ашылу рәсімі
Өткізілетін орны: Қызғылт сары холл, C2 блогі