Вэнг Тат Хуэй

Вэнг Тат Хуэй

Декан, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, Назарбаев Университет

Доктор Хуэй Венг Тат Сингапурдағы еңбек нарығындағы саясат пен білім беру, қартаю және зейнеткерлікке шығу, және еңбек нарығындағы жаһандану әсері жөніндегі мәселелерде маманданған. Ол 2015 жылы Жоғары мемлекеттік саясат мектебіне келгенге дейін Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде және Сингапур ұлттық университетінің экономика кафедрасында сабақ берген. Ол сондай-ақ еңбек ресурстары министрлігінің кеңесшісі ретінде жұмыс атқарды, UNCTAD, Халықаралық еңбек ұйымында қызмет етті, 1991-1994 жж. Сингапур еңбек зерттеулер институтының доценті ретінде қызмет істеді. Ол түрлі қызметтерге тағайындалды, олардың ішінде Мемлекеттік саясат бағдарламасының директоры орынбасары (1997-1998 жж.), Экономика департаментінің Басшысының міндетін атқарушы (1998 – 2000жж.), Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар факультетінің Деканы Орынбасары (ғылыми-зерттеу және жоғары зерттеулер) (2000-2003 жж.), Сингапур ұлттық университетіндегі Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінде Декан орынбасары (Академиялық мәселелер жөніндегі департамент) (2004-2008 жж.).