Чарльз  Сурья

Чарльз Сурья

Декан, Инженерия мектебі, Назарбаев Университет

Доктор Чарльз Сурья Рочестер университетінде электротехника саласында докторлық дәрежесін алды. Оның ғылыми қызығушылығы оптоэлектрондық материалдар мен құрылғыларға, соның ішінде фотоэлектрик және фотодетекторларға бағытталған. Профессор Сурья қатты материалдар мен құрылғылар саласында 190-нан астам мақалаларды жариялады. 1994 жылы Гонконг политехникалық университетінің Электрондық және ақпараттық инженерия кафедрасында жұмыс істей бастады. 2007-2010 жылдар аралығында Инженерия факультетінің декан орынбасары, ал 2010 жылдан 2012 жылға дейін Инженерия факультетінің деканы болып қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап Clarea Au электрондық және ақпараттық инженерия факультетінің энергетика профессоры болып тағайындалды. 1997 мен 2013 жылдары аралығында доктор Сурья Гонконг филиалының IEEE Electronic Instrumentation Society төрағасы болып тағайындалды. Қазіргі таңда ол IEEE электрондық құрылғылар қоғамының Оптоэлектрондық құрылғыларының Техникалық комитетінің төрағасы және Электрондық электр құрылғылары қоғамының журналының редакторы қызметтерін атқаруда.