Вассилиос  Турассис

Вассилиос Турассис

Профессор, Декан, Ғылым және технологиялар мектебі, Назарбаев университеті

Профессор Тоурассис бакалавр деңгейін Солоникидегі Аристотель Университетінен электротехника саласында алған (5-жылдық Бакалавриат+Магистратура біріктірілген программа), және магистр және PhD деңгейлерін болса АҚШ-да Питтсбургте Карнеги-Меллон Университетінен алған. Назарбаев Университетінде өз қызметін бастаудан бұрын профессор Тоурассис Карнеги-Меллон Университетінің Робототехника Институтында ғылыми қызметкер, Нью-Йоркте Рочестер Университетінде профессор, Грецияда Фракия Демокрит Университетінде Даму және Зерттеу бойынша проректор міндетін орындаған. Оның қазіргі зерттеу қызығушылықтары мехатроника, өндіріс және инновацияны қамтушы робототехника және модулді робототехника салаларындағы жаңашылдық жұмыстарынан кейін пайда болған. Профессор Тоурассистің 90-нан артық мақалалары рецензияланған журналдар мен халқаралық конференцияларда басылым көрген. Оның жетекшілік еткен сегіз PhD студенттері АҚШ, Сингапур, Греция, Испания и Нидерланды сияқты елдерде өнеркәсіп салаларында қызмет атқаруда. Профессор Тоурассис электротехника және электроника инженерлері институтының аға мүшесі (IEEE) болумен бірге өндіруші-инженерлер одағының да (SME) мүшесі және ол «Техника және ғылымда кім негізі кім», «Америкалық білімде кім негізі кім» және «Әлемде кім негізі кім»-ге де қосылған. Ол жоғары білім беру саласындағы халқаралық форумдарға да белсенді қатысып отырады. Профессор Тоурассис білім беретін Азия-Европа Фонд орталығына шақырылған эксперт және Жоғары білім беретін институттарды пайда етуді басқарушы одақ мүшесі болып табылады.

Events
June 7, 201916:15-17:50
Қорытынды талқылау
Жабу сессиясы
Өткізілетін орны: Қызғылт зал, 2 қабат, Блок C2, Назарбаев Университетi