Джамиль Салми

Джамиль Салми

Жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшы

Джамиль Салми жоғары білім беру саласында кейбір мемлекеттердің Үкіметтеріне, университеттеріне, кәсіби бірлестіктерге, халықаралық және аймақтық банктер мен агенттіктерге кеңес беретін халықаралық сарапшы болып табылады. 2012 жылдың қаңтарына дейін Дүниежүзілік банкте жоғары білім беру мәселелері бойынша үйлестіруші қызметін атқарды. Доктор Джамиль Салми 1994 жылы Дүниежүзілік банктің жоғары білім беру саласындағы алғашқы директивалық құжатын жазды, сонымен қатар 2002 жылы сол саладағы «Білім қоғамын құру: жоғары білім беруге қойылған жаңа мәселелер» (“Constructing Knowledge Societies: New Challenges for Tertiary Education”) атты Дүниежүзілік банк стратегиясының авторы болды. Соңғы 23 жыл ішінде Доктор Салми жоғары білім беру жүйесіндегі қаржы реформалар мен стратегиялық дамыту салаларындағы мәселелер бойынша 95-тен аса мемлекет университеттерінің басшылығы мен мемлекеттік басқарушыларына кеңес берген.

Доктор Джамиль Салми Еуропа, Азия және Латын Америкасындағы бірқатар университеттердің халықаралық байқау комитеттерінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, ол – Жоғары білім беруді тіркеу жөніндегі кеңестің Халықаралық сапа тобының консультациялық кеңесінің (CHEA International Quality Group Advisory Council) мүшесі. Доктор Салми Чилидегі Диего Порталес Университетінің жоғары білім беру саясатының сыйлы профессоры және Бостон колледжінің Жоғары білім беру орталығының ғылыми қызметкері болып табылады.

2009 жылы доктор Джамиль Салми «Әлемдік деңгейдегі университеттерді құру» (Challenge of Establishing World- Class Universities) атты кітабын жариялады. Оның профессор Филипп Альтбахпен бірлесе жариялаған кітабы – «Академиялық кемелге жету жолы. Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттерінің қалыптасуы» (The Road to Academic Excellence: the Making of World- Class Research Universities) 2011 жылдың қыркүйегінде жарық көрді. Доктор Салми 2017 ж. тамызда өзінің соңғы «Жоғары білім беру және тұрақты даму мақсаттары» (Tertiary Education and the Sustainable Development Goals) кітабын шығарды.

Events
June 8, 201814:20-15:00
Қорытынды пікір алмасу
6-шы пленарлық отырыс
Өткізілетін орны:
June 7, 201809:45-12:15
Озық технологиялар аясындағы жоғары білім беру саласын инновацияландыру
1-ші пленарлық сессия
Өткізілетін орны: