Бенджамин Во

Бенджамин Во

Информатика және инженерия институтының Провосты және Вэй-Лун профессоры, Қытай Гонконг университеті (Гонконг)

Профессор Бенджамин Во Гонконгтың Қытай университетінің провосты және информатика мен инженерия Вэй Лун профессоры болып табылады. Оған қоса доктор Во – Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінің электротехникалық және есептеу инженерияның Франклин В. Вольтге құрметті профессоры. Ол Электротехника және электроника инженерлерік институтының (IEEE), Есептеу техникасының ассоциясының (ACM), Ғылымды дамытуға көмек беру Американ ассоциациясының (AAAS) қазіргі мүшесі болғанымен, өткенде IEEE Компьютерлік қоғамының президенті де болған.

Өзінің көптеген көрнекті академикалық және мамандық жетістіктері үшін профессор Во талай рет түрлі халықаралық марапттар мен сыйлардың иегері атанған. Олардың арасында Берклидегі Калифорниялық университеттің компьютерлік ғылымдар саласындағы Көрнекті түлектер премиясын, У. Уоллес Макдауэллдың премиясын, Цутому Канай сыйын және IEEE Компьютерлік қоғамындағы еңбегі үшін берілген Ричард Мервин марапатын белгілеп кетуге болады. 2013 жылдан бастап профессор Во Гонконгтағы Университет гранттары комитетінде (UGC) Ғылыми зерттеулердегі гранттар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

2015 жылы өзінің қызметіне байланысты ол Ғылыми зерттеулердегі гранттар кеңесінің төрағасы ретінде Гонконг арнайы әкімшілік ауданыны үкіметіндегі консультациялық комитеттің мүшесі болып белгіленді. қазіргі кезде профессор түрлі UGC комитет бөлімдерінің, олардың ішінде Стратегиялар комитет бөлімінің және Зерттеу тобының, мүшесі болып табылады. Барлығына қоса, Гонконг саудасын дамыту кеңесінің консультациялық комитетінде және инновациялар, технологиялар және Гонконг АӘА үкіметін реиндустриализациялау Комитетінде қызмет етеді.

Events
June 8, 201814:20-15:00
Қорытынды пікір алмасу
5-ші пленарлық сессия
Өткізілетін орны: Кабинет 1022, блок С3, Назарбаев Университет
June 8, 201809:30-11:30
Секциялық отырыс 1
Секциялық отырыс 1
Өткізілетін орны: Кабинет 1022, блок С3, Назарбаев Университет