Эндрю Вахтель

Эндрю Вахтель

Ректор, Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан)

Эндрю Вахтель – Алматыдағы Нархоз университетінің ректоры. Оған қоса, ол 2018 жылдың жазына дейін Орталық Азияның Американ университетінің 2010 жылдан быстап қызмет еткен президенті болып табылады. Орталық Азияға келместен бұрын, ол Чикагодағы Солтүстік-Батыс университетінің Роберта Баффет халықаралық және салыстырмалы зерттеулер орталығының директоры болып, Жоғары мектеп деканы қызметін атқарды.

Американдық өнер және ғылым академиясының және Халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі болуымен, доктор Вахтель орыс әдебиеті және мәдениетіне, шығыс еуропалық және балқан мәдениеті, тарихы жіне саясатына, сонымен қатар Орталық Азияға қызығады.

Оның соңғы кітаптарының арасында – «Дүниежүзі тарихындағы балқан аймағы» (The Balkans in World History) (Oxford UP, 2008; бұл кітап албан, итальян және түрік тілдерінде шығарылып, 2019 жылы оның грекиялық басылымы жарық көрмекші), «Орыс әдебиеті» (Russian Literature) (Илья Виницкиймен бірігіп шығарылды, Polity Press, 2008), и «Коммунизмнен кейін өзектілікті сақтау: Шығыс Еуропадағы жазушының рөлі» (Remaining Relevant After Communism: The Role of the Writer in Eastern Europe) (U. of Chicago Press, 2006; одан басқа болгар, чех және серб тілдерінде шығарылды). Барлығына қоса, ол орыс, босния, хорват, серб жіне словен тілдерінен аудару ісімен белсенді айналысады. Ал оның орыс ақыны Анжелина Полонскаяның «Пауль Клее кемесі» кітабының аудармасы (Zephyr Press, 2014) PEN Poetry Translation Prize марапатына 2014 жылы іріктелген болатын.