Тақырыптар

Ағымдағы жылдың Форум тақырыбы «Озық технологиялар дəуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру»

Конференцияға білім беру саласындағы отандық және халықаралық сарапшылар қатысады. Конференция аясында 4 пленарлық мәжіліс өткізіледі. «Озық технологиялар дәуірінде жоғары білім беру саласын инновацияландыру» тақырыбына арналған бірқатар қызықты пленарлық сессиялар өтеді:

• Озық технологиялар аясындағы жоғары білім беру саласын инновацияландыру;
• Озық технологиялардың Назарбаев Университетінің мектептеріне әсері;
• Жоғары оқу орындарының дағдыларды дамыту және ұзақ мерзімді мақсаттарға жетудегі рөлі;
• Озық технологиялардың әлеуметтік ғылымдарға әсері;
• Озық технологиялардың нақты ғылмдарға әсері;
• Жоғары оқу орындардың жүзеге асыратын үздік тәжірибелері

Форумның мақсаты – жоғары білім беру қауымдастығымен аталмыш тақырып аясында білім беру саласын технологиялық жəне əлеуметтік өзгерістер тұрғысынан талқылау. Форумның пленарлық отырысында оқытудың жаңа тəсілдері, жаппай ашық онлайн курстары, өмір бойы білім алу, əлеуметтік медиа зардаптарына бейімделу мəселелері қарастырылады. Форумға білім беру саласындағы отандық жəне шетелдік сарапшылар, ғалымдар, университет көшбасшылары, оқытушылар жəне студенттер қатысады.

Өткен жылғы тақырыптар:

2017: Жоғары оқу білім беру орындарын басқару, мемнеджмент және көшбасшылық
2016: Жоғары білім беру және экономика модернизациясы: инновациялық және кәсіпкерлік жоғары оқу орындары
2015: XXI ғасырдың түлегі: негізгі құзыреті мен қазіргі еңбек нарығы
2014: Табысты университет: құру жолдары
2013: Жоғары білім саласындағы жаһандық үрдістер және олардың аймаққа әсері
2012: Ғылыми-зерттеуді, оқытуды мен білім беруді басқару
2011: Қазіргі заманғы білім беру салалары