Еуразиялық жоғары білім көшбасшыларының форумы (EHELF) 2026
«Болашақты батыл қадаммен бірге жасайық»
5-6 маусым, 2026 | Астана, Қазақстан
Күндер
Сағаттар
Минуттар
Секундтар
EHELF – 2026 форумына қош келдіңіздер!
2026 жылғы 5-6 маусымда Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өтетін Еуразиялық жоғары білім көшбасшыларының форумы (EHELF 2026) аясында Еуразия кеңістігінен және алыс-жақын шетелдерден жоғары білім саласындағы басшыларды, саясаткерлерді және зерттеушілерді қатысуға шақырамыз. Технологиялық өзгерістер қарқын алып, экономикалық тұрақсыздық, климат өзгерісіне қатысты мәселелер мен геосаяси ахуалдың құбылуы жағдайында университеттердің рөлі стратегиялық тұрғыдан бұрынғыдан да маңызды бола түсуде. EHELF-2026 «Болашақты батыл қадаммен бірге жасайық» тақырыбы аясында басшылар мен негізгі мүдделі тараптарды біріктіріп, университеттердің мақсатты түрде, жаңашыл әрі икемді тәсілдер арқылы қалай көшбасшылық көрсете алатынын талқылайды. Форум тұрақты дамуды ілгерілету, жасанды интеллектіге байланысты өзгерістерге бейімделу және жоғары білімнің қоғамға әсерін күшейту бағыттарында диалог, білім алмасу және ынтымақтастық үшін бірегей алаң ұсынады.

Бізбен бірге университеттердің болашағын қалыптастырыңыз!
  • Кампус аумағындағы Wi-Fi
    Кампустағы барлық оқу залдарында, жатақханаларда және оқу аудиторияларында тегін Wi-Fi қолжетімді.
    Желі атауы:NUGuest
    Құпиясөз:Қажет емес.
EHELF–2026
EHELF-2026 форумы 2011-2019 жылдар аралығында өткен Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумының жаңа лебі. Аталған форум Еуразия аумағында жоғары білімді басқару мен реформалауға қатысты  беделді диалог алаң ретінде танылған. Осы дәстүрдің жалғасы ретінде форум университет басшыларын, саясаткерлерді, ғалымдар мен серіктес ұйымдарды біріктіріп, бүгінгі жаһандық сын-қатерлерді болашаққа бағдарлай отырып талқылайды.

«Болашақты батыл қадаммен бірге жасайық» тақырыбында өтетін EHELF-2026 форумында жоғары оқу орындарының тұрақты және әділетті қоғамды дамытудағы рөлі талқыланады. Пікірталастар жаһандық өзгерістерге, цифрландыру мен жасанды интеллекттің ықпалына, климаттық және экономикалық сын-қатерлерге бағытталады. Сондай-ақ басқару, оқыту, ғылым және серіктестік бағыттарындағы озық тәжірибелер таныстырылады .

Форум аясындағы пленарлық мәжілістер, панельдік пікірталастар мен интерактивті диалогтар академиялық орта, мемлекет және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, нақты іс-қимылға бағытталған шешімдер әзірлеуге, сондай-ақ жоғары білім берудегі аймақтық және жаһандық серіктестікті дамытуға жол ашады.
Назарбаев Университеті
Назарбаев Университеті (NU) 2010 жылы құрылған. Бүгінде ол Қазақстандағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі әрі Орталық Азиядағы ірі академиялық орталықтардың бірі. Университет меритократиялық қабылдау жүйесіне негізделіп, оқыту мен зерттеуді тиімді ұштастырады. Осы бағытта ол түлектерін жаһандану мен технологиялық даму жағдайында табысты болуға қажетті дағдылармен қамтамасыз етеді. Бұл бағыт университеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етуде.

Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде Назарбаев Университеті әлем университеттерінің үздік 23%-ына кіреді және Кавказ бен Орталық Азия өңірінде 1-орында. Сондай-ақ THE Asia University Rankings 2025 рейтингінде 150-орынды иеленді.Жалпы университет жас университеттер арасында әлем бойынша үздік 106 университеттің қатарына енген.

Назарбаев Университеті (NU) Орталық Азия мен жаһандық кеңістіктегі өз ықпалы мен академиялық беделін нығайтуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Осы мақсатта Университет әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен серіктестік орнатып, академиялық ұтқырлықты, іргелі зерттеулер мен инновациялық білім беру бағдарламаларын кешенді түрде дамытуда. Сонымен қатар, Asian Universities Alliance ұйымының тең құрылтайшысы ретінде NU жоғары білім беруді трансформациялау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ғылыми прогресті ілгерілету бағытындағы аймақтық және жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге елеулі үлес қосып келеді.
Астана, Қазақстан
Астана - Қазақстанның астанасы, Еуропа мен Азияның тоғысындағы қарқынды дамып келе жатқан әрі болашаққа бағдарланған қала. Бүгінде Астана халықаралық диалог, инновация және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық үшін маңызды орталықтардың бірі ретінде танылып жүр.

Заманауи қала құрылысы мен бірегей сәулетімен танымал Астана елдің дамуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді, сонымен қатар бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарымен сабақтастығын сақтайды.

Әртүрлі мәдениеттердің, идеялар мен серіктестіктердің тоғысар жері Астана EHELF 2026 форумына шабыт сыйлайтын, әлеммен байланысы ашық орта ұсынады. Бұл қатысушыларға Еуразияның ең серпінді әрі қарқынды дамып келе жатқан ғылым мен білім және саясат саласымен тікелей араласуға бірегей мүмкіндік береді.
Тақырыптар
Форумдағы тақырыптық бағыттар әлемдік көшбасшылар арасында диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік беретін алаң. Форум үш тақырыптық бағыт бойынша өтеді. Олар:
  • Тұрақты әрі әділетті болашақ жолындағы университеттер
    Бұл бағыт университеттердің тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік саласында сөзден іске көшуін қарастырады.  Негізгі назар тұрақтылық, теңдік және қоғамдық игілік қағидаттарын университеттердің стратегиясына, басқаруына, оқыту мен зерттеу жұмыстарына енгізуге, сондай-ақ қоғам мен индустриямен серіктестікті нығайтуға аударылады.

    Әсіресе климатқа байланысты мәселелерді еңсеру, әлеуметтік әділеттілік пен гендерлік теңдікті дамыту және білімнің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл университеттердің тұрақты әрі әділетті дамуда маңызды рөл атқаруына бағытталған.
  • Жасанды интеллект және цифрлық трансформация дәуіріндегі университеттер
    Бұл бағыт жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар жоғары білім беру жүйелерін қалай өзгертіп жатқанын, оқыту, зерттеу және университеттердің басқаруын қалай қайта анықтап жатқанын зерттейді. Ол инновация мүмкіндіктерін де, этика, әділдік және мекемелердің дайындығымен байланысты қиындықтарды да көрсетеді.
    Талқылаулар университет басшылары жасанды интеллект тудырған өзгерістерге стратегиялық тұрғыдан қалай жауап бере алатынына, технологиялық жетістіктерді университеттің миссиясымен қалай үйлестіруге болатынына және жоғары білім беру саласында инклюзивті, жауапты әрі болашаққа бағытталған цифрлық трансформацияны қалай дамытуға болатынына назар аударады.
  • Өзгермелі әлемдегі көшбасшы университеттер
    Аталған бағыт шеңберінде жоғары білім беру саласының жетекшілері геосаяси шиеленістер, экономикалық қысымдар мен қоғам тарапынан қойылатын талаптар салдарынан туындаған күрделі әрі тұрақсыз жаһандық жағдайда жоғары білім көшбасшыларының қалай әрекет ететінін қарастырады. Сонымен қатар дағдарыс жағдайларындағы көшбасшылық шешімдер мен академиялық еркіндік, институционалдық дербестік және интернационалдандыру сияқты кеңмәселелер талқыланады.
    Талқылау барысында төзімділік (resilience) пен жауапты басқару принциптеріне басымдық беріледі, сонымен қатар университеттердің жұртшылық сенімін қалай сақтай алатынын, өздерінің негізгі миссиясын қалай қорғайтынын және жедел трансформация мен белгісіздік кезеңінде тиімді басқару жолдарын айқындауды көздейді.
Спикерлер
Форум бағдарламасы
Форум бағдарламасына аздаған өзгерістер енгізілуі мүмкін.
08:00 – 09:30
08:00 – 09:30
Тіркелу
09:30 – 10:00
09:30 – 10:00
Ашылу салтанаты
Құттықтау сөздер:
  • Проф. Вакар Ахмад, Назарбаев Университетінің Президенті, Қазақстан
Өтетін орны: Бас зал, С2 блогы
10:00-11:00
10:00-11:00
Пленарлық отырыс: «Көгілдір аймақтар» («Turquoise Zones») дәуіріндегі тұрақтылық, университеттер және қоғамның болашағы
  • Негізгі спикер: Д-р Норберт Чизмадиа, Джон фон Нейман университеті қорының Қамқоршылық кеңесінің бұрынғы төрағасы, Венгрия және Азия және Тынық мұхит университеттері қауымдастығының (AUAP) ізгі ниетті елшісі
Модератор: Д-р Аида Сағынтаева, Академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі вице-провост, Жоғары білім беру мектебінің (GSE) деканы, Назарбаев Университеті, Қазақстан
Өтетін орны: Бас зал, С2 блогы
11:00-11.30
11:00-11.30
Кофе-брейк
Өтетін орны: Бас атриум
11:30-13:00
11:30-13:00
Панельдік пікірталас: Өзгермелі әлемдегі көшбасшы университеттер
Спикерлер:·
  • Эмерит-профессор Марта Меррил, Кент мемлекеттік университеті (Kent State University), АҚШ
  • Д-р Бахром Миркасимов, Зерттеулер және инновациялар жөніндегі ректордың орынбасары, Ташкенттегі Вестминстер халықаралық университеті, Өзбекстан
  • Д-р Талғат Жүсіпбек, Академиялық мәселелер жөніндегі вице-провост, Cardiff University, Астана, Қазақстан
  • Проф. Эмма Харден-Вольфсон, МакГилл университеті (McGill University), Канада
Модератор: Проф. Рехан Садик, Провост, Назарбаев Университеті, Қазақстан Өтетін орны: Бас зал, С2 блогы
13:00-14:00
13:00-14:00
Үзіліс
14:00-15:30
14:00-15:30
Панельдік пікірталас: Жасанды интеллект және цифрлық трансформация дәуіріндегі университеттер
Спикерлер:
  • Проф. Хусейн Атакан Варол, SCAI деканы, ISSAI негізін қалаушы директоры, Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан
  • Проф. Уэйн Холмс, Лондон университет колледжi, Ұлыбритания, ЮНЕСКО өкілі
  • Д-р Альтаир Ахметов, Ректор, Astana IT университеті, Қазақстан
Модератор: Проф. Елизавета Архангельская, SEDS деканы, Назарбаев Университеті, Қазақстан
Өтетін орны: Бас зал, С2 блогы
15:30-16:30
15:30-16:30
Кофе-брейк және нетворкинг
Өтетін орны: Бас атриум
16:30-18:00
16:30-18:00
Министрдің арнайы сөзі
Спикер:
Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі
Модератор: Проф. Вакар Ахмад, Назарбаев Университетінің Президенті, Қазақстан
09:00 – 09:30
09:00 – 09:30
Жиналу және нетворкинг
09:30 – 11:00
09:30 – 11:00
Панельдік пікірталас: Тұрақты және әділетті болашақ жолындағы университеттер
Спикерлер:
  • Проф. Махендхиран Санггаран Наир, Про-вице-канцлер (Зерттеулер және тұрақты даму), Санвей университеті, Малайзия
  • Д-р Джерен Гювен Гюрес, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азиядағы өкілі
  • Д-р Норберт Чизмадиа, Джон фон Нейман университеті қорының Қамқоршылық кеңесінің бұрынғы төрағасы, Венгрия және Азия және Тынық мұхит университеттері қауымдастығының (AUAP) ізгі ниетті елшісі
  • Проф. Хак-Хуи Нг, Медицина жөніндегі вице-президент, Медицина мектебінің деканы, Назарбаев Университеті, Қазақстан
Модератор: Проф. Бьорн Биргиссон, Зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-провост, Назарбаев Университеті, Қазақстан
Өтетін орны: Бас зал, С2 блогы
11:00-11.30
11:00-11.30
Кофе-брейк
Өтетін орны: Бас атриум
11:30-13:00
11:30-13:00
Арнайы іс-шаралар
  • NU инновациялық тәжірибесі
  • NU ғылыми жобалары: постерлер көрмесі
  • NU жарияланымдары және ғылыми нәтижелері: зерттеу қорытындыларын тарату экожүйесі
13:00-14:00
13:00-14:00
Үзіліс
14:00-15:30
14:00-15:30
Интерактивті параллель сессиялар:
Бірінші интерактивті сессия:
Өзгермелі әлемдегі көшбасшы университеттер
Модераторлар:
  • Эмерит-профессор Марта Меррилл, Кент мемлекеттік университеті (Kent State University), АҚШ
  • Проф. Эмма Харден-Вольфсон, МакГилл университеті (McGill University), Канада
Төрағалар:
Проф. Ахмет Айпай, проф. Муня Хвами, проф. Дилрабо Жонбекова, Жоғары білім беру мектебі (GSE), Назарбаев Университеті, Қазақстан
Өтетін орны: Бал залы (Ballroom Right 1) оң жақ 1, С2 блогы

Екінші интерактивті сессия:
Жасанды интеллект және цифрлық трансформация дәуіріндегі университеттер
Модератор:
  • Проф. Рэнди Хазлетт, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінің деканы, Назарбаев Университеті, Қазақстан

Төрағалар:
  • Проф. Альпер Чалыкоғлу, проф. Анита Джаячандран, Жоғары білім беру мектебі (GSE), Назарбаев Университеті, Қазақстан
Өтетін орны: Бал залы (Ballroom Left) сол жақ, С2 блогы

Үшінші интерактивті сессия:
Тұрақты даму, әлеуметтік әділеттілік және тең мүмкіндіктер
 
Модераторлар:
  • Проф. Махендхиран Санггаран Наир, Про-вице-канцлер (Зерттеулер және тұрақты даму), Санвей университеті, Малайзия
  • Д-р Джерен Гювен Гюрес, «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азиядағы өкілі
  • Доктор Норберт Чизмадиа, Джон фон Нейман университеті қорының Қамқоршылық кеңесінің бұрынғы төрағасы, Венгрия және Азия және Тынық мұхиты университеттері қауымдастығының (AUAP) ізгі ниетті елшісі
Төрағалар:
  • Проф. Ноурин Дуррани, Проф. Гүлжанат Ғафу, Проф. Джейсон Спаркс, проф. Зумрад Катаева, Жоғары білім беру мектебі (GSE), Назарбаев Университеті, Қазақстан
Өтетін орны: Бал залы (Ballroom Right 2) оң жақ 2, С2 блогы
15:30-16:00
15:30-16:00
Кофе-брейк
Өтетін орны: Бас атриум
16:00-17:30
16:00-17:30
Қорытынды пленарлық сессия: Тұрақты болашақ және жаһандық өзгерістердегі университеттердің рөлі
Негізгі спикер:
  • Махендхиран Санггаран Найр, Санвей университетi зерттеу және тұрақты даму жөніндегі проректоры, Малайзия
Модератор:
Аида Сағынтаева, Назарбаев Университеті  Академиялық жоспарлау және бюджет жөніндегі вице-провосты, Жоғары білім беру мектебінің деканы, Қазақстан
Өтетін орны:
Бас зал, C2 блогы
Арнайы іс-шаралар
EHELF 2026 аясында Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу, инновациялық және мәдени ортасын таныстыру үшін негізгі бағдарламаға бейресми қарым-қатынас пен кәсіби байланыс орнатуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.
  • НУ инновациялық тәжірибесі
    Қатысушыларға Назарбаев Университетінің қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-зерттеу және инновациялық ортасында ұйымдастырылған экскурсия ұсынылады. Бағдарлама аясында негізгі нысандар, соның ішінде Advanced Robotics and Mechatronics Laboratory (ARMS Lab) және Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) таныстырылып, цифрлық трансформациядағы озық зерттеулер мен қолданбалы жобалар көрсетіледі.
  • НУ ғылыми жобалары: постерлік сессия
    НУ ғылыми постер көрмесі университет бойынша іріктелген зерттеу жобаларын ұсынады, университеттің ғылыми-зерттеу экожүйесінің ықпалын айқындайды. Көрме НУ әртүрлі мектептерінің, орталықтар және бөлімшелердің жұмыстарын біріктіріп, пәнаралық және салалық зерттеулерді таныстырады, бұл НУ-дың ғылыми жетістіктері көрсетеді.
    Ғылыми постер көрмесі форум қатысушыларына жүргізіліп жатқан зерттеулермен танысуға, негізгі идеяларды талқылауға және НУ-дың жаһандық академиялық пікірталастарға қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
  • НУ жарияланымдары және ғылыми нәтижелер: зерттеу нәтижелерін тарату экожүйесі
    Назарбаев Университеті зияткерлік өнімдерінің іріктелген шолуы, оның ішінде ғылыми мақалалар, монографиялар, кітаптар, магистрлік және докторлық диссертациялар, сондай-ақ репозиторий қорының түрлі жинақтары ұсынылады. Қатысушылар авторлармен тікелей байланыс орнатып, шабыт алып, құнды тәжірибе мен түсініктерге ие болады. Сонымен қатар бұл мазмұндық шарада университеттің репозиторий инфрақұрылымы таныстырылады. Мұнда ғылыми еңбектерді қалай табу керектігі және олардың қайталап пайдалану мүмкіндіктері көрсетіледі. Сондай-ақ ғылыми зерттеу ықпалына қол жеткізудің негізгі жолдары, соның ішінде индекстеу, дәйексөз алу көрсеткіштері және ашық қолжетімділік арқылы тарату мәселелері талқыланады.
Төлем және тіркеу

Тіркелу мерзімі: 03.06.2026

Форум  өтетін күндер: 2026 жылғы 5-6 маусым

!
Назар аударыңыз: ілеспе аударма құрылғыларын қажет ететін қатысушылар жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлік, паспорт немесе жүргізуші куәлігі) алып келуі қажет. Құжат құрылғы қайтарылғанға дейін кепіл ретінде уақытша сақталады және құрылғы тапсырылғаннан кейін қайтарылады.
Санаттар
Бағасы
Отандық қатысушылар (Жоғары білім беру саласының басшылары, зерттеушілер, т.б.)
25 000 KZT
Халықаралық қатысушылар (табысы жоғары елдер)
100 USD (≈50 000 KZT)
Халықаралық қатысушылар (табысы төмен және орташа елдер)
75 USD (≈38 000 KZT)
NU (Назарбаев Университеті) оқытушылар құрамы
10 000 KZT
NU студенттері мен қызметкерлері
Тегін
0
Қатысушыларды қонақүйлерге орналастыру туралы
Еуразиялық жоғары білім беру көшбасшыларының форумына (EHELF 2026) қатысушылар Назарбаев Университеті кампусының аумағында немесе оған жақын жерде орналасқан бірнеше ыңғайлы қонақүйлердің бірін таңдай алады. Форум қатысушылары үшін Hilton Astana қонақүйінде 50% арнайы жеңілдік ұсынылады.
Толығырақ
Кампус аумағындағы
қонақүйі  Назарбаев Университеті кампусының аумағында орналасқан. Аталған қонақүй форум өтетін орынға жақын орналасқан.
веб-сайт
Жақын жерде
іскерлік сапармен келгендерге барлық жағдай жасалған заманауи әрі жайлы қонақүй. Назарбаев Университетіне    жақын орналасқан. 
веб-сайт
Жақын жерде
университет маңында орналасқан премиум санатындағы қонақүй. Қонақтарға жоғары деңгейдегі қызмет, конференция өткізуге арналған мүмкіндіктер және EXPО-ға жылдам әрі ыңғайлы жету мүмкіндігін ұсынады.
веб-сайт
Байланыс деректері
Конференция бойынша сұрақтар: ehelf-2026@nu.edu.kz
Телефон: 8 7172 70 5738
Мекенжай: Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана, Қазақстан
Ұйымдастырушы:
Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан