Еуразиялық жоғары білім көшбасшыларының форумы (EHELF) 2026
«Болашақты батыл қадаммен бірге жасайық»
5-6 маусым, 2026 | Астана, Қазақстан
Күндер
Сағаттар
Минуттар
Секундтар
EHELF – 2026 форумына қош келдіңіздер!
2026 жылғы 5-6 маусымда Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде өтетін Еуразиялық жоғары білім көшбасшыларының форумы (EHELF 2026) аясында Еуразия кеңістігінен және алыс-жақын шетелдерден жоғары білім саласындағы басшыларды, саясаткерлерді және зерттеушілерді қатысуға шақырамыз. Технологиялық өзгерістер қарқын алып, экономикалық тұрақсыздық, климат өзгерісіне қатысты мәселелер мен геосаяси ахуалдың құбылуы жағдайында университеттердің рөлі стратегиялық тұрғыдан бұрынғыдан да маңызды бола түсуде. EHELF-2026 «Болашақты батыл қадаммен бірге жасайық» тақырыбы аясында басшылар мен негізгі мүдделі тараптарды біріктіріп, университеттердің мақсатты түрде, жаңашыл әрі икемді тәсілдер арқылы қалай көшбасшылық көрсете алатынын талқылайды. Форум тұрақты дамуды ілгерілету, жасанды интеллектіге байланысты өзгерістерге бейімделу және жоғары білімнің қоғамға әсерін күшейту бағыттарында диалог, білім алмасу және ынтымақтастық үшін бірегей алаң ұсынады.

Бізбен бірге университеттердің болашағын қалыптастырыңыз!
EHELF–2026
EHELF-2026 форумы 2011-2019 жылдар аралығында өткен Еуразиялық жоғары білім көшбасшылары форумының жаңа лебі. Аталған форум Еуразия аумағында жоғары білімді басқару мен реформалауға қатысты  беделді диалог алаң ретінде танылған. Осы дәстүрдің жалғасы ретінде форум университет басшыларын, саясаткерлерді, ғалымдар мен серіктес ұйымдарды біріктіріп, бүгінгі жаһандық сын-қатерлерді болашаққа бағдарлай отырып талқылайды.

«Болашақты батыл қадаммен бірге жасайық» тақырыбында өтетін EHELF-2026 форумында жоғары оқу орындарының тұрақты және әділетті қоғамды дамытудағы рөлі талқыланады. Пікірталастар жаһандық өзгерістерге, цифрландыру мен жасанды интеллекттің ықпалына, климаттық және экономикалық сын-қатерлерге бағытталады. Сондай-ақ басқару, оқыту, ғылым және серіктестік бағыттарындағы озық тәжірибелер таныстырылады .

Форум аясындағы пленарлық мәжілістер, панельдік пікірталастар мен интерактивті диалогтар академиялық орта, мемлекет және өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, нақты іс-қимылға бағытталған шешімдер әзірлеуге, сондай-ақ жоғары білім берудегі аймақтық және жаһандық серіктестікті дамытуға жол ашады.
Назарбаев Университеті
Назарбаев Университеті (NU) 2010 жылы құрылған. Бүгінде ол Қазақстандағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі әрі Орталық Азиядағы ірі академиялық орталықтардың бірі. Университет меритократиялық қабылдау жүйесіне негізделіп, оқыту мен зерттеуді тиімді ұштастырады. Осы бағытта ол түлектерін жаһандану мен технологиялық даму жағдайында табысты болуға қажетті дағдылармен қамтамасыз етеді. Бұл бағыт университеттің жаһандық деңгейде танылуына ықпал етуде.

Times Higher Education World University Rankings 2026 рейтингінде Назарбаев Университеті әлем университеттерінің үздік 23%-ына кіреді және Кавказ бен Орталық Азия өңірінде 1-орында. Сондай-ақ THE Asia University Rankings 2025 рейтингінде 150-орынды иеленді.Жалпы университет жас университеттер арасында әлем бойынша үздік 106 университеттің қатарына енген.

Назарбаев Университеті (NU) Орталық Азия мен жаһандық кеңістіктегі өз ықпалы мен академиялық беделін нығайтуды стратегиялық басымдық ретінде қарастырады. Осы мақсатта Университет әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен серіктестік орнатып, академиялық ұтқырлықты, іргелі зерттеулер мен инновациялық білім беру бағдарламаларын кешенді түрде дамытуда. Сонымен қатар, Asian Universities Alliance ұйымының тең құрылтайшысы ретінде NU жоғары білім беруді трансформациялау, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ғылыми прогресті ілгерілету бағытындағы аймақтық және жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге елеулі үлес қосып келеді.
Астана, Қазақстан
Астана - Қазақстанның астанасы, Еуропа мен Азияның тоғысындағы қарқынды дамып келе жатқан әрі болашаққа бағдарланған қала. Бүгінде Астана халықаралық диалог, инновация және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық үшін маңызды орталықтардың бірі ретінде танылып жүр.

Заманауи қала құрылысы мен бірегей сәулетімен танымал Астана елдің дамуға деген ұмтылысын айқын көрсетеді, сонымен қатар бай мәдени мұрасы мен рухани құндылықтарымен сабақтастығын сақтайды.

Әртүрлі мәдениеттердің, идеялар мен серіктестіктердің тоғысар жері Астана EHELF 2026 форумына шабыт сыйлайтын, әлеммен байланысы ашық орта ұсынады. Бұл қатысушыларға Еуразияның ең серпінді әрі қарқынды дамып келе жатқан ғылым мен білім және саясат саласымен тікелей араласуға бірегей мүмкіндік береді.
Тақырыптар
Форумдағы тақырыптық бағыттар әлемдік көшбасшылар арасында диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік беретін алаң. Форум үш тақырыптық бағыт бойынша өтеді. Олар:
  • Тұрақты әрі әділетті болашақ жолындағы университеттер
    Бұл бағыт университеттердің тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік саласында сөзден іске көшуін қарастырады.  Негізгі назар тұрақтылық, теңдік және қоғамдық игілік қағидаттарын университеттердің стратегиясына, басқаруына, оқыту мен зерттеу жұмыстарына енгізуге, сондай-ақ қоғам мен индустриямен серіктестікті нығайтуға аударылады.

    Әсіресе климатқа байланысты мәселелерді еңсеру, әлеуметтік әділеттілік пен гендерлік теңдікті дамыту және білімнің баршаға қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл университеттердің тұрақты әрі әділетті дамуда маңызды рөл атқаруына бағытталған.
  • Жасанды интеллект және цифрлық трансформация дәуіріндегі университеттер
    Бұл бағыт жасанды интеллект пен цифрлық инновациялар жоғары білім беру жүйелерін қалай өзгертіп жатқанын, оқыту, зерттеу және университеттердің басқаруын қалай қайта анықтап жатқанын зерттейді. Ол инновация мүмкіндіктерін де, этика, әділдік және мекемелердің дайындығымен байланысты қиындықтарды да көрсетеді.
    Талқылаулар университет басшылары жасанды интеллект тудырған өзгерістерге стратегиялық тұрғыдан қалай жауап бере алатынына, технологиялық жетістіктерді университеттің миссиясымен қалай үйлестіруге болатынына және жоғары білім беру саласында инклюзивті, жауапты әрі болашаққа бағытталған цифрлық трансформацияны қалай дамытуға болатынына назар аударады.
  • Өзгермелі әлемдегі көшбасшы университеттер
    Аталған бағыт шеңберінде жоғары білім беру саласының жетекшілері геосаяси шиеленістер, экономикалық қысымдар мен қоғам тарапынан қойылатын талаптар салдарынан туындаған күрделі әрі тұрақсыз жаһандық жағдайда жоғары білім көшбасшыларының қалай әрекет ететінін қарастырады. Сонымен қатар дағдарыс жағдайларындағы көшбасшылық шешімдер мен академиялық еркіндік, институционалдық дербестік және интернационалдандыру сияқты кеңмәселелер талқыланады.
    Талқылау барысында төзімділік (resilience) пен жауапты басқару принциптеріне басымдық беріледі, сонымен қатар университеттердің жұртшылық сенімін қалай сақтай алатынын, өздерінің негізгі миссиясын қалай қорғайтынын және жедел трансформация мен белгісіздік кезеңінде тиімді басқару жолдарын айқындауды көздейді.
Спикерлер
Форум бағдарламасы
Форум бағдарламасы әзірлену үстінде және жуық арада жарияланады. Жаңартулар үшін сайтты қайта қарап тұруыңызды сұраймыз.
Арнайы іс-шаралар
EHELF 2026 аясында Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу, инновациялық және мәдени ортасын таныстыру үшін негізгі бағдарламаға бейресми қарым-қатынас пен кәсіби байланыс орнатуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады.
  • НУ инновациялық тәжірибесі
    Қатысушыларға Назарбаев Университетінің қарқынды дамып келе жатқан ғылыми-зерттеу және инновациялық ортасында ұйымдастырылған экскурсия ұсынылады. Бағдарлама аясында негізгі нысандар, соның ішінде Advanced Robotics and Mechatronics Laboratory (ARMS Lab) және Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) таныстырылып, цифрлық трансформациядағы озық зерттеулер мен қолданбалы жобалар көрсетіледі.
  • НУ ғылыми жобалары: постерлік сессия
    НУ ғылыми постер көрмесі университет бойынша іріктелген зерттеу жобаларын ұсынады, университеттің ғылыми-зерттеу экожүйесінің ықпалын айқындайды. Көрме НУ әртүрлі мектептерінің, орталықтар және бөлімшелердің жұмыстарын біріктіріп, пәнаралық және салалық зерттеулерді таныстырады, бұл НУ-дың ғылыми жетістіктері көрсетеді.
    Ғылыми постер көрмесі форум қатысушыларына жүргізіліп жатқан зерттеулермен танысуға, негізгі идеяларды талқылауға және НУ-дың жаһандық академиялық пікірталастарға қосқан үлесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
  • NU жарияланымдар бұрышы / кітап көрмесі
    Арнайы бөлінген кеңістікте Назарбаев Университетінің негізгі жарияланымдары, соның ішінде форумның тақырыптық бағыттарына сәйкес кітаптар мен жинақтар ұсынылады. Қатысушыларды заманауи зерттеулермен және ғылыми ой-пікірлермен таныстыру мақсатында авторлармен бейресми кездесулер мен қысқаша тақырыптық таныстырылымдар ұйымдастырылады.
Төлем және тіркеу

Тіркелу мерзімі: 20.05.2026

Форум  өтетін күндер: 2026 жылғы 5-6 маусым

Санаттар
Бағасы
Отандық қатысушылар (Жоғары білім беру саласының басшылары)
25 000 KZT
Халықаралық қатысушылар (табысы жоғары елдер)
100 USD (≈50 000 KZT)
Халықаралық қатысушылар (табысы төмен және орташа елдер)
75 USD (≈38 000 KZT)
NU (Назарбаев Университеті) оқытушылар құрамы
10 000 KZT
NU докторанттары мен қызметкерлер
Тегін
0
Қатысушыларды қонақүйлерге орналастыру туралы
Еуразиялық жоғары білім беру көшбасшыларының форумына (EHELF 2026) қатысушылар Назарбаев Университеті кампусының аумағында немесе оған жақын жерде орналасқан бірнеше ыңғайлы қонақүйлердің бірін таңдай алады.
Кампус аумағындағы
қонақүйі  Назарбаев Университеті кампусының аумағында орналасқан. Аталған қонақүй форум өтетін орынға жақын орналасқан.
веб-сайт
Жақын жерде
іскерлік сапармен келгендерге барлық жағдай жасалған заманауи әрі жайлы қонақүй. Назарбаев Университетіне    жақын орналасқан. 
веб-сайт
Жақын жерде
университет маңында орналасқан премиум санатындағы қонақүй. Қонақтарға жоғары деңгейдегі қызмет, конференция өткізуге арналған мүмкіндіктер және EXPО-ға жылдам әрі ыңғайлы жету мүмкіндігін ұсынады.
веб-сайт
Жоғарыда аталған қонақүйлердің барлығы Назарбаев Университетіне жақын жерде орналасқан. Форум өтетін орынға кедергісіз әрі жылдам жетуге болады. Көрсетілген мерзімде сұраныстың жоғары болуына байланысты, алдын ала брондауға  кеңес береміз.
Байланыс деректері
Конференция бойынша сұрақтар: ehelf-2026@nu.edu.kz
Телефон: 8 7172 70 5738
Мекенжай: Назарбаев Университеті, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Астана, Қазақстан
Ұйымдастырушы:
Назарбаев Университеті, Астана, Қазақстан